Экономика • 01 Тамыз, 2022

Аграрлар қаржы сұрайды

203 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Осыдан біраз уақыт бұрын «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев Агробанк құру арқылы фермерлердің қолайлы несие алуына жағдай жасау жөнінде ұсыныс айтқан еді. Бірақ бұл ұсыныс кезінде Үкімет тарапынан да, қаржы секторын бақылаушы органдар тарапынан да қолдау таппаған болатын. Жақында Ж.Дайрабаев тағы бір бұйымтайдың шетін шығарып, «ӨКМ операторы» қаржысы есебінен 50 млрд теңге қаржыландыру көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдетілген лизингпен беру бағдарламасын іске қосу жөнінде Мемлекет басшысына тікелей өтініш білдірді.

Аграрлар қаржы сұрайды

«Қазақстан фермерлері аты­нан сіздің 2022 жылдың 14 шілдесінде Үкіметтің кеңей­тілген отырысында айтқан отан­дық ауыл шаруашылық техни­каларына жеңілдетілген несиелеу механизмін енгізу туралы тапсырмаңызды то­лы­ғымен қолдаймыз» деген ол елімізде астық жинау нау­қаны тамыз айының бірінші жартысында басталатынын, бірақ өткен жылдары ауыл ша­руа­шылығы тауарын өнді­ру­шілер арасында жақсы нә­ти­же берген қазіргі ауыл шаруа­шылығы техникасын лизингке беру бағдарламаларына қара­жаттың жоқтығынан бүгінде ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін еместігін еске салды.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің дерегі бойынша, отандық ауыл шаруашылық техникаларының паркінде 147,7 мың трактор, 38,1 мың комбайн бар. Бұл ретте ескірген техника үлесі 80 пайызға жеткен.

«Мәселенің маңыздылы­ғын және астық жинау науқа­ны жақындап келе жатқанына бай­ланысты маңызды мер­зім­дерді ескере отырып, сіз­ден көмек сұраймыз. Атап айт­­қанда, Индустрия және инфра­құрылымдық даму ми­нис­тр­лігіне, Экология, геоло­гия және табиғи ресурс­тар министр­лі­гі­не, Ауыл ша­руа­­шылығы министрлігі мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 3 пайызға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен бас­тапқы жарнасыз «ӨКМ операторы» есебінен қаржыландыру көлемі 50 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы техника­сын жеңілдетілген лизингке беру бағ­дарламасын іске қосу туралы тапсырма беруіңізді сұрай­мыз», дейді Ж.Дайрабаев Пре­зидент­ке айт­қан ұсынысында.

Оның сөзіне қарағанда, атал­ған бағдарламаның іске қосылуы парктегі 1 мың бір­лік трактор мен комбайнды жаңар­тып алуға, сөйтіп астық жинау науқанына абыроймен үлгеруге мүмкіндік береді.

Осыған дейін сенатор Мұх­тар Жұмағазиев ауылшаруа­шылық техникаларын субсидиялауды қайта қарау керегін жеткізген еді. Депутаттың айтуынша, техниканың ескілігі­не байланысты астық жинау нау­қаны дұрыс атқарылмай­ды, бұл өз кезегінде өндірістің қысқаруына және басқа да шығындарға жол ашып береді. Қазір кәсіпорындарды қолдау үшін отандық және шетелдік техникалар субсидияланады. Отандық өндірістен шығатын «Есіл» және «Вектор» комбайндары 40-50 млн теңге тұрса, импорттық Claas немесе John Deere комбайндары 120-150 млн теңге көлемінде.

«Соған сай, қазақстан­дық комбайндарға берілетін суб­сидия 10-12,5 млн теңге­ні құраса, шетелден сатып алынған техникалар үшін 30-30,5 млн теңге беріледі. Енді осы қисынға салсақ, мемлекет бір импорттық комбайнның орнына үш бірдей отандық комбайнды субсидиялай алады. Сол себепті отандық өнді­ріске қолдау көрсетуіміз керек. Субсидия мәселесі қайта қарауды талап етеді», деген болатын М.Жұмағазиев.

Фермерлер мен сарапшы­лардың айтуынша, соңғы бірер жыл көлемінде ауылшаруа­шылық техникалары қатты қым­баттап кеткен. Шамамен 30 пайызға өскен. Енді олардың тапшылығы да байқалуда. Біздің ел агротехникаларды негізінен ТМД елдерінен сатып алады.

Ауылшаруашылық техникаларын жеткізуші компания­ның коммерциялық дирек­то­ры Ойрат Мұхамеджановтың ­айтуынша, біріншіден метал­дың қымбаттауы, екіншіден ва­лютаның тұрақсыздығы техни­калар бағасын өсіріп жатыр.

«Қазір мен балама жол ре­тінде Қытай, Түркия елдерін қарастырамын. Түркиялық өндіруші зауыттармен келіссөз жүргізіп жатырмыз» дейді ол.

Ал Автомобиль құрастыру, арнайы және ауылшаруашы­лық машина жасау басқарма­сының басшысы Руслан Хиса­мутдиновтың айтуынша, 2021 жылы 5 714 трактор, 1 400 ком­байн сатып алынған. Соның 11 пайызы ғана – импорттық тех­ника.