Саясат • 07 Тамыз, 2020
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты айтып отырмыз, баяғы. Өзекке түскен жегіқұрттай болған бұл қоғамдық кесел мемлекетті экономикалық шығынға батырып қана қоймай, елдің берекесін де қашырып тұр. Төзімнің түбі, шыдамның шегі деген болмаушы ма еді? Түйені түгімен жұттырған тойымсыздық пен тоғышарлыққа тосқауыл болар айла-шара жеткіліксіз болғандықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңа толықтырулар пакетіне қол қойған болатын. Соған сәйкес бағынышты қызметкері жемқорлықтың желкенін керген жағдайда басшының қызметтен кетуі мақұлданды. Нәтиже бар ма?
Қаржы • 07 Тамыз, 2020
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгемен салынған депозиттерге қатысты биылғы қыркүйек айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.
Кәсіпқой бокс • 07 Тамыз, 2020
Капитан кәсіпқой боксқа ауысты
Әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, ауыр салмақтағы талантты боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой рингте бақ сынауды құп көрді. Бұл ақпаратты MTK Global Kazakhstan компаниясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Оқиға • 07 Тамыз, 2020
Қайта өңдеуге бөлінетін қаражат ұлғайды
Таяуда «Egemen Qazaqstan» газетінде еліміздегі экологиялық ахуалға қатысты мақаламызда тұрмыстық қалдықтарды азайтудағы қайта өңдеу саласының маңыздылығын бағамдаған едік («Қалдық неге қажетсіз?», «EQ», 16 шілде, 2020 жыл). Осы орайда Қазақстандағы қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, сондай-ақ кәдеге жарату тетігін реттейтін Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторы редакцияға ресми жауабын жолдады.
Руханият • 07 Тамыз, 2020
Өңірде күрделі экологиялық мәселе көп
Бұрынғы Алға химиялық зауыты аумағындағы химиялық қалдықтарды жою, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» №1 және №2 цехтарының жиналған өндірістік қалдықтарын тазарту, Елек өзенінің 6 валентті хроммен, бормен ластануы, ілеспе газдардың ауада жануы, «Ақбұлақ» АҚ тазартылмаған ағынды суларының Елек өзеніне құйылуы, Ақтөбе түбіндегі су ресурстарының жағдайы, қаланың атмосфералық ауа қабатының ластануы – өңірдің басты экологиялық мәселелері.