Таяуда «Egemen Qazaqstan» газетінде еліміздегі экологиялық ахуалға қатысты мақаламызда тұрмыстық қалдықтарды азайтудағы қайта өңдеу саласының маңыздылығын бағамдаған едік («Қалдық неге қажетсіз?», «EQ», 16 шілде, 2020 жыл). Осы орайда Қазақстандағы қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, сондай-ақ кәдеге жарату тетігін реттейтін Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторы редакцияға ресми жауабын жолдады.

Шикізат субсидиясының көлемі ұлғайды
Бас басылымда республика аумағындағы 3 мыңнан артық қоқыс полигонының 83%-ы тиісті талапқа сай келмейтінін, қазір бұл жерлерде 125 млн тоннадай қатты тұрмыстық қалдық жатқаны жазылған еді. Жыл сайын оның көлемі 5 млн тоннадан асып жығылады. Былтыр соның тек 15%-ы ғана қайта өңделсе керек. Салыстырмалы түрде айтсақ, Батыс елдерінде бұл көрсеткіш 30%-дан асады.
Міне, осы олқылықты реттеу мақсатында 2016 жылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидаты енгізілді. Соған сәйкес, кәсіпорындар өндірістік қалдықты өңдеуге немесе кәдеге жарату алымын Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторына төлеуге тиіс.
Алайда бірыңғай оператордың қызметіне көңілі толмайтын кәсіпорындар аз болмай шықты. Мәселен, қалдық өңдеуші компаниялар ӨКМ шикізатты тым арзанға бағалайды деген наразылықтарын білдірді. Бұл орайда шикізат тарифы қалай қалыптасады және осы нарықты неге бір ғана оператор реттейді деген сауал туындайды?
Осыған байланысты салаға жауапты оператордан мынандай жауап келді:
«ӨКМ операторы қайталама шикізатты өңдейтін, кәдеге жарататын ұйымдарға өңдеген өнімдері үшін субсидия төлейді. Биылдан бастап оларға берілетін субсидия көлемі бірнеше есеге ұлғайды. Мысалы, пластик өндірушілерге қайта өңдеу төлемі 1 килосы үшін 3,71 теңге көлемінде белгіленді. Ал осы қалдықты өңдейтін кәсіпорындарға оператор 1 килосы үшін 29,55 теңге береді. Сол сияқты шыны, қағаз, металл, аралас қаптама өңдеушілерге субсидия көлемі бірнеше есе көлемде төленеді.
Сондықтан қайта өңделетін қалдыққа берілетін баға ӨКМ операторы тарапынан өте жоғары. Кәсіпорындар шығарған шикізатты одан әрі саудалап пайда таба алады».
Дамыған елдердің тәжірибесі ескерілді
Ал саланы неге бір ғана оператор реттейді деген сауалға келсек, халықаралық тәжірибеде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері жүйесі әлемнің барлық дамыған елінде бар екенін жеткізген оператор: «Осы тәжірибені зерделей келе қайта өңдеу саласында бірыңғай оператордың болғанына тоқталдық. Бұл осы саладағы жұмысты жүйелі түрде атқаруға және қалдықты өңдеудегі жауапкершілікті бір ғана операторға жүктеуге мүмкіндік береді», дейді ресми жауабында.
Жауапты ұйымның ақпаратына сүйенсек, өндіруші компаниялар мен қайта өңдеуші кәсіпорындарға белгіленген баға саясаты келесідей. Нақты айтқанда, қайта өңдеуге берілетін шыны шикізатының төлемі килосына – 3,02 теңге. Осы ретте шыны материалын өңдеп, залалсызданыратын кәсіпорынға килосына 23,94 теңге субсидия қарастырылған. Пластикке берілетін төлем жоғарыда айтылды. Қағаз өндірушіге төлем 4,67 теңге көлемінде белгіленсе, өңдеуші ұйымға – 27,25 теңге тиесілі. Металл бойынша өндірушіге тағайындалған төлем – 0,53 теңге, сәйкесінше өңдеушіге 3,09 теңге беріледі. Аралас қаптама өндірушілерге 2,41 теңге және кәдеге жаратушы кәсіпорынға 42,25 теңге төленеді.
Автоқұрамдас бөлшек қалдықтарына тоқталсақ, дөңгелектің резеңке қаптамасына (шина) ӨКМ-нің қайта өңдеу төлемі – 37,51 теңге. Оны жинау, сондай-ақ залалсыздандыурға 37 теңге беріледі деп көрсетілген. Сондай-ақ аккумулятор батареясына (АКБ) оператордың қайта өңдеу төлемі – 149,12 теңге. Оны жинау әрі залалсыздандыруға 52 теңге қарастырылған. Антифриз, яғни салқындатқыш сұйықтыққа ӨКМ-нің төлемі – 0, есесіне қайта өңдеу және залалсыздандыруға 10 теңге беріледі.
«Биыл қайта өңдеу саласына 7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды. 2019 жылы осы бағытта 4,04 млрд теңге жұмсалған болатын. Биыл оның көлемі 3 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Атап айтқанда, автоқұрамдас бөлшек қалдықтарын өңдеуге 3,719 млрд теңге қаражат бөлінді. Қаптама қалдығын өңдеуге 3,465 млрд теңге аударылды. Осы қаражат арқылы 102 мың тонна автоқұрамдас бөлшек қалдығын, сол секілді 132 мың тоннаға жуық қаптама қалдығын қайта өңдеу жоспарланып отыр», деп нақтылады бірыңғай оператордың баспасөз қызметі.
Елордалық кәсіпорынның ахуалы қандай?
Былтыр рециклингпен айналысатын бас шаһардағы Kazakhstan Rubber Recycling компаниясы қаржылық қиындыққа ұшырап, бұл мәселе қоғамда әжептәуір талқыланды. Аталған кәсіпорын мен бірыңғай оператордың іскерлік байланысы жөнінде сұрап, тұтастай осы индустриядағы компанияларды ынталандырудың жолдарын біліп көруге тырыстық.
«Оператор өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалған соң қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды жүзеге асырады. Бір сөзбен айтқанда, өңдеуші кәсіпорындарды (ЖК, ЖШС, АҚ) қаржыландырады. Жыл соңына дейін осы қызметтерді көрсетуге шарт жасасу үшін оператор тендер өткізді.
2020 жылы оператор www.MP.kz электронды сауда алаңында қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге, сондай-ақ залалсыздандыру мен кәдеге жаратуды ұйымдастыру қызметтерін сатып алуға тендер жариялады. Оның қорытындысына сәйкес, 2020 жылы көліктің дөңгелек қалдықтарын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, және кәдеге жарату бойынша 1 278 860 008 теңге көлемінде 17 компаниямен шарт жасалды. Жоспарға сәйкес, 34 800 тонна дөңгелек қалдығы өңделеді.
Тағы да бір айта кетерлігі, оператор 2017 жылдан бастап қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, кәдеге жаратуды ұйымдастыруда тендерлерді ашық түрде өткізу арқылы осы жұмыстардың (қызметтерді) орындалуына қаражат бөліп келеді. Алайда бүгінде «Kazakhstan Ruber recycling» ЖШС тарапынан тендерге қатысуға өтінімдер берілмеген, нәтижесінде шарт жасалмаған», дейді ӨКМ операторының баспасөз қызметі.
Бұдан басқа, пандемияға байланысты ӨКМ қалдық өңдеушілерді қолдау үшін 50% аванс (алдын ала қаражат) төленгенін жеткізді.
Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық проблемалардың өзектілігі артып бара жатқанын және қайта өңдеу саласының үлесі мардымсыз екенін айтып, салалық ведомствоның жұмысын сынға алған болатын.
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Әйелдер күресіне жерлестерімізге жалғыз жолдама бұйырды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • 10 Сәуір, 2021
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • 10 Сәуір, 2021
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • 10 Сәуір, 2021
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • 10 Сәуір, 2021
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • 10 Сәуір, 2021
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • 10 Сәуір, 2021
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • 10 Сәуір, 2021
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • 10 Сәуір, 2021
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • 10 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар