Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Вячеслав Смирнов бейнелеу өнерімен көптен бері айналысып келеді. Осы аралықта бірнеше жеке көрмесін өткізіпті. Бұл жолғы көрмесін «Туған жерге арнаймын» деген атаумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Мерейтойдан бас тартып, мектеп салдырды
Дүние жүрісінен жарты қадамға да жаңылмай асқан дәлдікпен үздіксіз дамып келе жатқан болса, бұл заңдылықтың өзгермеуін ең алдымен жақсы адамдардың озық ойы, ізгі ісі, қайырымды қадамы қамтамасыз етіп тұрған болуы керек. Әлемдегі бағасы өлшеусіз құндылықтың бірі – қайырымдылық. Қайтарымсыз жақсылық жасай білу – нағыз махаббаттың көрінісі. Құдайды сүюің, жақыныңды жақсы көруің, туған жеріңе тағзымың жомарт жүректі жарып шыққан ірілі-ұсақты ізгі істерден көрінеді. Жаңа оқу жылының қарсаңында, құрбан айттың алғашқы күні Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевтың өзі туған Бәйдібек ауылына мектеп тарту еткенін естігенде, ел игілігі үшін жасалған істі перзенттік парыз-қарызбен емес, ең бірінші, нақ осы ағайынына, ауылдастарына, жалпы туған жеріне сүйіспеншілігімен байланыстыра қарағымыз келгені рас.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Биыл әлемге әйгілі Берел қорғандарында қазба жұмыстарының басталғанына 20 және «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрылғанына 10 жыл толып отыр. Өткен ғасырдың аяғында Берел қорғандарынан табылған археологиялық ескерткіштер үлкен жаңалық, айтулы ғылыми табыс ретінде бағаланғаны белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2004 жылы қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы негізінде 2008 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» құрылған болатын.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2018
Терроризмге қарсы тиімді ұсыныс
Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан төнетін террористік қауіп-қатерлер ұлғаюы осы елге Сирия және Ирактан шетелдік террористердің қоныс аударуымен байланысты. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Владимир Воронков БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Террористік актілерден халықаралық бейбітшілікке төндіретін қауіптер» атты отырысында өз сөзінде атап өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы
Әлем • 27 Тамыз, 2018
Арал тағдырына арналған маңызды саммит
Түрікменстанның Түрікменбашы қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері – Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан президенттерінің Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысына байланысты басқосуы әлемдік ақпарат құралдарының назарын өзіне аударды. Осы маңызды оқиғаға орай төменде бірқатар халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Орталық Азияның бес мемлекеті басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған маңызды шараға қатысты пікірлерді ұсынып отырмыз.