Аймақтар • 30 Тамыз, 2022
Өңірдегі өзекті мәселелермен танысты
Солтүстік Қазақстанға сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Оқушылар сарайының мәжіліс залында облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, су тасқыны кезеңінде суда және тұрғын үйлерді су басудың алдын алуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап берді.
Әлем • 30 Тамыз, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс өзге елдердің саяси бағыттарына біршама өзгеріс енгізді. Бұл өзгеріс екі Скандинавия елінің саяси ұстанымын да айналып өтпеді. Швеция мен Финляндия Ресейдің Украинаға 24 ақпанда басып кіруінен кейін ондаған жыл бойы ұстанып келген бейтарап саясатынан бас тартып, осы жылдың 18 мамырында НАТО-ға қосылуға ресми өтініш берді. Екі елдің мүшелігін қабылдауға қарсы болған Түркия мен Скандинавия елдерінің өкілдері келіссөздер негізінде ортақ пікірге келіп, үшжақты меморандумға қол қойылды.
Медицина • 30 Тамыз, 2022
Инсульт алған испандық туристі емдеді
Жазым деген аяқ астында. Испаниядан Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға келе жатқан Фернандо Боделон ұшақта инсульт алып, трапқа да аяғы тимей, ауруханадан бір-ақ шықты.
Медицина • 30 Тамыз, 2022
Консультациялық-диагностикалық қызметтер саны артты
Емханалар деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі жыл сайын артып келеді. 2022 жылдың 4 айында бейінді мамандар 97 млрд теңгені құрайтын 54,6 млн консультация мен диагностикалық зерттеулер қызметін көрсетті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2022
Балаға бақыт сыйлаған «Атамекен»
Орал қаласындағы «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы жазғы демалыс маусымын аяқтады. Жылдағыдай мұнда биыл да мыңдаған бала каникул қызығына батып, керемет демалды. Енді оларды жаңа оқу жылы, білім бәсекесі күтіп тұр...