Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Биыл біраз отбасы баспаналы болады
Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы басталып та кетті. Мұндағы мақсат аудан, ауылды жерлердегі баспанаға мұқтаж азаматтарға көптің көмегімен үй салып беру болып отыр.
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
#3zhańaádet челленджі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен халық және бизнес өкілдерінің арасында санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды насихаттау мақсатында шілде айының ортасында қолға алынған болатын. Содан бері оны қызу қолдаған қауымның қарасы қалың.
Өнер • 03 Тамыз, 2020
Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі
«Шебердің қолы алтын», дейді атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Асыл тастан сән бұйымын жасаған, қазақ ұлттық киімдерінің етек-жеңіне оқа тігіп, кимешектің өңіріне, жақтауына кесте жүргізіп, сүйек пен мүйізді қиыстырған халық шеберлерінің ісі – мақтауға тұрарлық өнер туындысы.
Руханият • 03 Тамыз, 2020
2000 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі аралықта Тараз мемлекеттік университетінде Дулаттану орталығын ашып, жұмыс істеп жүрген кезімде мен осындағы біраз қаламгермен таныстым. Солардың ішінен марқұм Бақтияр Әбілдаұлы мен Елен Әлімжан екеуімен тарихты жақсы білетіндіктерінен де жақын араласып, дос-жар болып кеттім. Елен де менімен әңгімелесуге құмартып тұрды. Біз саябақтарда қыдырып немесе қала сыртына саяхаттап сұхбаттасатынбыз.
Өнер • 03 Тамыз, 2020
«Ұлы дала» – ұлт тағдырының айнасы
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана афоризм емес... біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге тарады», дейді.