Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Құс Меккесі – Қорғалжындағы тұңғыш фестиваль
Әділхан Шабатов атындағы орталық алаңда «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символизмі» атты тұңғыш рет халықаралық байқау-фестивалі болып өтті.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Сенатор Д.Мусин Жарма ауданына барды
Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Отқа оранған театр жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіріледі
22 тамыз күні Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ғимаратынан өрт шықты. Облыс орталығының ең көрнекті жерінде орналасқан өнер ордасы қас пен көздің арасында отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Рашид Бляловтың айтуынша, өрттің шығуына ғимараттың екінші қабатындағы электрқалқанның ақауы себеп болған. Өрт туралы хабар аталған департаментке күндізгі сағат 13.30-да түсіп, сағат 18.00-де толығымен өшірілді. Қызыл жалын 1800 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді.
Видео • 26 Тамыз, 2019
Жарылыс кезінде 113 баланы апаттан аман алып шыққан ана (видео)
24 маусымда Арыста болған жарылыстың эпицентрінде орналасқан "Алтын тұмар" балабақшасының меңгерушісі, 113 бүлдіршін мен 27 қызметкерді алапат апат аймағынан аман алып шыққан екен. Гаухар Уәлиханова және оның ұжымы асқан жауапкершілік көрсете отырып, апат аймағын тастап шыққан.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Қазақстан тарихының энциклопедиясы жарыққа шықты
«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ҚР Президент әкімшілігінің, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Қазақстан тарихы энциклопедиясының І томын жарыққа шығарды. Жобаны орындаушы топ осынау құнды басылымды шығаруда ҚР ҰҒА, Халықаралық Түркі академиясы мен Отырар кітапханасы, сондай-ақ гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары мен ұлттық университеттерінің қолдауы зор екендігін айтады.