Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

Сенатор Д.Мусин Жарма ауданына барды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Дүйсенғазы Мусин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатор Д.Мусин Жарма ауданына барды

Д.Мусин Nur Otan партиясының бөлімшесінде аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Парламент қабылдаған заң жобаларын, сондай-ақ елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылады. Кездесуде  ұстаздар мәртебесі, жас мамандарды ауылдарға тарту ісі сияқты бірқатар әлеуметтік мәселелер қозғалды.

Сапар аясында сенатор Жаңғызтөбе кентіндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, Жаңғызтөбе орта мектебінің жағдайымен, дәрігерлік амбулаторияның материалдық-техникалық базасымен, салынып жатқан күн электр станциясы құрылысымен танысты.

Сенатор сондай-ақ Шуақ ауылындағы жылу қазандығының құрылысымен танысып, мердігерлермен проблемалық мәселелерді талқылады. Нысан құрылысы ұзақ жылдардан кейін қайта жанданды. Биыл ауыл тұрғындары жылумен қамтамасыз етілетін болады.