Сұхбат • 27 Тамыз, 2024
Ермек МАРЖЫҚПАЕВ: Олимпиададағы әрбір медаль – жастарға жаңа мүмкіндік
Төрткүл дүние көз тіккен Париж Олимпиадасының да дақпырты басылғандай. Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 43-орынды иеленді. Төрт жыл бұрынғы Токио Олимпиадасындағы көрсеткішпен (8 қола медаль) салыстырғанда, Париж төріндегі бәсеке ұлттық құрама үшін ойдағыдай өтті деуге толық негіз бар. Дегенмен Франциядағы дүбірлі дода спортшыларымыздың өз мүмкіндігін толық пайдалана алмағанын, спорт саласында күрделі мәселелер бар екенін көрсетіп берді. Осы орайда Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.
Жемқорлық • 27 Тамыз, 2024
Әділетті Қазақстан құру жолында аяққа оралғы болған кедергілердің бірі әрі бастысы – сыбайлас жемқорлық. Қоғамға зардабы көп кеселмен күрес кейінгі уақытта қарқын ала бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлыққа қарсы күресте барынша қатаң да батыл болуымыз керек екенін, өйткені қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар дәл осындай қадамды күтіп отырғанын айтты. «Халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту үшін нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Сондықтан жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бағытын түбегейлі қайта қарау қажет», деді Мемлекет басшысы. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды қолға алынған. Нәтижесінде, парақорлық қылмысын жасаған «шабақтар» ғана емес, «шортандар» да құрыққа түсіп жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 27 Тамыз, 2024
Дүбірлі дода «Ұлы дала жорығынан» басталады
Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтетіні белгілі. Этноспорт аламаны марафон-бәйгеге сайысымен басталады.
Білім • 27 Тамыз, 2024
Жаңа зерттеу университеті ашылды
Елімізде шетелдік жоғары оқу орындары, әлемдік деңгейдегі университеттердің филиалдары көптеп ашылып жатыр. Бұл үрдіс жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған еді. Ғылым және жоғары білім министрлігі жақында тағы бір жаңа зерттеу университетінің құрылғанын хабарлады.
Экономика • 27 Тамыз, 2024
АЭС-ке қажетті уран қалай өндіріледі?
Атом электр стансасын салу мәселесі елімізде қызу талқыланып жатыр. Азаматтар мен кәсіби сарапшылар ауқымды жобаның артықшылығы мен пайдасын әрі қауіпсіздігін саралайды. Негізі, АЭС салудағы маңызды тетік – энергетикалық әлеуетті қамтамасыз ету. Өйткені мемлекетте қазірдің өзінде электр қуатының тапшылығы сезіліп отыр. Қажеттілік жылдан-жылға арта түспек. Сондықтан салада озық тәжірибеге сүйенген стратегиялық нысан керек. Ал салынған жағдайда, отын ретінде уран пайдаланылады. Маңызды металды өндіру үдерісімен тереңірек таныспаққа Астанадан шамамен 320 шақырым қашықтағы кен орнына барып қайтқан едік.