Өнер • 25 Тамыз, 2022
«Қыз Жібек» – ұлттың бойтұмары
Ұлттық өнер кеңістігінде түрлі жанр мен сан алуан стильде сөйлеген «Қыз Жібектің» санында шек жоқ. Әрқайсысы өзінше өрнекті, өзінше айшықты. Соның ішінде, әсіресе 1934 жылдың 7 қарашасында тұңғыш тұсауы кесілген ең алғашқы «Қыз Жібектегі» Күләш Байсейітова мен Құрманбек Жандарбеков бастаған таланттар жолы кейін экран тілінде көрерменін қуантқан Сұлтан Қожықовтың әйгілі фильміндегі айшықты бейнелермен тіпті бедерленіп, жұртшылық жүрегіне одан әрі жақындай түсті. Жырдан шабыт алып, опера мен кино кемел жол салып берген ұлттық фольклор жауһары драма театрлары сахнасына да сәулелі із қалдырып, өнер кеңістігі мұғжизасының мүмкіндігін байытты. Осылайша режиссерлер қиялына қанат бітірген ғажайып туынды әр сахналануында соны тыныс ашып, жаңа белестерде жарқырап биіктей берді.
Әдебиет • 25 Тамыз, 2022
«Айбоз» әдеби сыйлығынан үміттілер көп
Мәдениет және спорт министрлігі биыл тұңғыш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығын жариялаған еді. Жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын ауқымды байқаудан үміттілер көп. Атап айтсақ, бүгінде әдеби бәйгеге қатысушы 150-ден астам шығарма келіп түскен. Бұл туралы аталған сыйлық жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Қоғам • 25 Тамыз, 2022
Әлеуметтік төлемді электронды форматта ресімдеуге болады
Жүктілікке, босануға және жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішті енді Электронды үкімет порталы (eGov.kz порталы) арқылы беруге болады.
Спорт • 25 Тамыз, 2022
Бүгін – футболшы, жаттықтырушы Құрбан Бердыевтың туған күні. Сексенінші жылдары Алматының «Қайратының» сапында өнер көрсетіп, кейіннен білікті бапкер ретінде танылған азамат асқаралы 60 жасқа толды.
Спорт • 25 Тамыз, 2022
«Губернатор кубогы» үшін таласады
Кеше Ресейдің Челябі қаласында шайбалы хоккейден «Губернатор кубогы» жолындағы жарыс басталды. Бұл бәсекеде Нұр-Сұлтанның «Барысы» да бақ сынауда.