Спорт • 25 Тамыз, 2022

Бердыевтың жаңа белесі

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – футболшы, жаттықтырушы Құрбан Бердыевтың туған күні. Сек­сенінші жылдары Алматының «Қайратының» сапында өнер көрсетіп, кейіннен білікті бапкер ретінде таныл­ған азамат асқаралы 60 жасқа толды.

Бердыевтың жаңа белесі

Құрбан 1952 жылдың 25 тамызында Түрікменстанның астанасы – Ашғабадта дүниеге келді. Спорттық карьерасын жергілікті «Колхозшы» (қазіргі «Копетдаг») клубында бастаған ол 1977, 1981-1985, 1993 жылдары «Қайраттың» сапында ойнады. Сол аралықта 160 рет жасыл алаңға шығып, 34 рет нысананы дәл көздеді. Кейіннен бапкерліктің қамытын киді. Қазақстан, Түркия және Түрікменстанның бірқатар клубын жаттықтырды. Бердыев Қазанның «Рубинінде» өзін мықты бапкер ретінде түбегейлі мойындатты. 2001-2013 жылдар аралығында татарстандық команда екі мәрте Ресей чемпионы мен ел кубогының иегері атанып, бір рет суперкубокты олжалады. Тағы бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ресейдің ең үздік бапкері деп танылды. Еурокубок жолындағы жарыстарда «Рубин» сәтті өнер көрсетті. Сол еңбектері үшін Бер­дыев Ресей мен Татарстанның мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

Қазіргі кезде Құрбан Бердыев Иранда еңбек етіп жүр. Ол Тебриз қаласындағы «Трактор» клубын жаттықтырады.