Спорт • 25 Тамыз, 2022

«Губернатор кубогы» үшін таласады

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ресейдің Челябі қаласында шайбалы хоккейден «Губернатор кубогы» жолындағы жарыс басталды. Бұл бәсекеде Нұр-Сұлтанның «Барысы» да бақ сынауда.

«Губернатор кубогы» үшін таласады

«Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка Челябіге мына ойыншыларды апарды: Қақ­пашылар – Никита Бояркин, Андрей Шутов және Джелал-Ад-Дин Әмірбеков. Қорғаушылар – Әділ Бекетаев, Кристофер Биграс, Темірлан Гайтамиров, Михаил Григорьев, Джесси Грэм, Самат Данияр, Максим Минеев, Юрий Сергиенко, Владислав Семин және Егор Шалапов. Шабуылшылар – Әлихан Әсетов, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Диас Гусейнов, Дінмұхамед Қайыржан, Энтони Луис, Аңсар Шайхмедденов, Кирилл Максимов, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Егор Петухов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев және Аркадий Шестаков.

Аталған додада жерлестерімізден бөлек, Екатеринбургтің «Автомобилист», Маг­нитогорскінің «Металлург» және жер­гілікті «Трактор» клубтары өнер көрсетеді.