Аймақтар • 27 Тамыз, 2020
Айласын асырмақ болған жұп қолға түсті
Петропавлда бірнеше дүкеннен ұйымдасқан түрде заттар ұрлаған екі адамдық алаяқтар тобы ұсталды. Олар бетпердені беттеріне баса киіп дүкендерге кіреді екен де қолдарындағы пакеттеріне азық-түлік пен арақты толтырып салады екен. Сосын біреуі дүкеншіні алдастырып тұрғанда екіншісі есіктен сып беретін көрінеді. Дүкенші байқап қалып, айғай салып соңынан қуса екінші алаяқ оған болысқансып, бірге қуған сыңай танытады екен.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2020
"Ашық аспан" режімі нарықта бәсекелестік орнатуға ықпал етеді
Осыдан тура бір жыл бұрын 2 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнаған болатын. Жолдауда Қ.Тоқаев: «Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның жоғары екені жасырын емес. Мысалы, сұранысы жоғары бағдарлар бойынша негізгі әуе тасымалдаушы белгілейтін билеттердің құны неге сонша қымбат?! Оның бағасы Еуропаға қарағанда 30 пайызға артық. Біздің әуежайда көрсетілетін қызметтер құнының салыстырмалы түрде жоғары болуын қалай түсіндіруге болады?» дей келіп, соның салдарынан Қазақстан авиациясы халықаралық бәсекеге қабілеттілігінен айрылып, транзиттік әлеуеті төмендеп кеткенін тілге тиек еткен-ді. Содан бері әуе тасымалы саласында да бірнеше өзгерістер болды.
Экономика • 27 Тамыз, 2020
Ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артып келеді
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Тамыз, 2020
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуеті артуда
2019 жылдың 2 қыркүйегінде Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнаған еді. Бір жыл ішінде Президент Жолдауында айтылған аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуеті қаншалықты артты? Атқарылған жұмыстар барысына шолу жасап көрелік.
Коронавирус • 27 Тамыз, 2020
Елімізде өткен тәулікте 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 723 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz