Спорт • 26 Тамыз, 2020

Қазақстан жастар құрамасының Черногория және Израильге қарсы құрамы белгілі болды

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан жастар құрамасының Черногория және Израильге қарсы құрамы белгілі болды

Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарының аясында Қазақстан жастар құрамасы 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды. 

Ал, 8 қыркүйек күні сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды. 

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда басталады. 

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат");

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар ("Жетісу"), Сағадат Тұрсынбай ("Тобыл"), Әлібек Қасым ("Қызыл-Жар"), Талғат Кусяпов ("Оқжетпес"), Лев Скворцов ("Атырау"), Дінмұхамед Қашкен ("Қайсар"), Жалғас Жақсылықов ("Оңтүстік" академиясы), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат");

Жартылай қорғаушылар: Жан-Әли Пайруз, Геворг Наджарян (екеуі де - "Шахтёр"), Сұлтан Сағнаев, Мәди Жақыпбаев (екеуі де - "Астана"), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де - "Қайрат"), Арман Кеңесов ("СКА-Хабаровск", Ресей), Жасұлан Қайыркенов ("Атырау"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Артём Попов ("Ақсу");

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет ("Жетісу"), Акмаль Бақтияров ("Сочи", Ресей), Оралхан Өміртаев ("Тобыл"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Владислав Прокопенко ("Ақтөбе");

Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – бапкер, Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Нұрлан Битүгілов – врач, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Соңғы жаңалықтар