Денсаулық • 23 Тамыз, 2023
Оңалту құралының сапасы қандай?
Қоғамның осал топтарын қорғау мен қолдау – әлеуметтік саясаттың басты бағыты. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар адамдар ерекше қамқорлықты қажет етеді. Бұл ретте техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етудің маңызы зор.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
Нұра ауданының кәсіпкері Гүлзада Маханбетова әлеуметтік осал топқа жататын бес отбасының балаларына мектепке қажетті керек-жарағын әперді. Мұндай шарапатты шаруа ауданда жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы аясында өтіп тұрады. Кәсіпкер бастап берген челленджді басқа да ақжүрек азаматтар әрі қарай жалғауда.
Білім • 23 Тамыз, 2023
Санаулы күннен соң мектеп қоңырауы сыңғыр қағады. Ал Қарағанды облысындағы бес мектепте енді қоңырау соғылмайды. Есігі тарс жабылды. Ауылдағылардың дәрмен қылар дәнеңесі де жоқ. Бала саны аз болғандықтан, биылғы жаз оларға алаң күй кешумен өтті. Дегенмен, бүлдіршіндер жақын маңдағы мектепке барады.
Абай • 23 Тамыз, 2023
«Қазақ тілін үйренуге намыс керек, ағылшын тілін үйренуге әдіс керек» дейтін кейіпкеріміз – Ернат Қашқынов оқушыларға ағылшын тілін Абай арқылы үйретіп жүр. Алғашында еріксіз таңғалғанымыз рас. Абай күні қарсаңында шеберлік сағатына қатысып, ұстаз әдісіне қызыққанымыз сонша – орайын тауып, сұхбат құрып үлгердік.
Құрылыс • 23 Тамыз, 2023
Үлестік құрылыстағы өзгерістер
Өңір халқын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қай кезде де өзектілігін жойған емес. Содан да болса керек, өңірде үлестік құрылыс саласындағы қордаланған мәселелерді ретке келтіруге айрықша назар аударылып отыр. Жылжымайтын мүлікке сұраныс артқан сайын тұрғын үй сегментіндегі заңды айналып өтетін жосықсыз ұсыныстар көбейе түскені мәлім. Салалық басқарманың қызметкерлері осы мәселелермен күресуге баса ден қойды.