Теннис • 23 Тамыз, 2023
Таяу күндері Нью-Йоркте басталатын АҚШ-тың ашық біріншілігінің іріктеу сайыстарында Қазақстанның теннисшілері кімдерге қарсы ойнайтыны белгілі болды.
Спорт • 23 Тамыз, 2023
26 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында велоспорттағы ең белді жарыстардың бірі – «Испания Вуэльтасы» көпкүндігінің жалауы желбірейді.
Үкімет • 22 Тамыз, 2023
Сенат депутаттары Сергей Карплюк пен Ғауез Нұрмұхамбетов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аграрлық сектор мен ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі түйткілдер талқыланды.
Оқиға • 22 Тамыз, 2023
Бір әулеттен 11 адам суға батып кетті
Ауыр жағдай. Бір әулеттің басына түскен қайғылы оқиға кімнің де болсын жүрегін ауыртып, ойландырары анық. Түркістан облысында болған қайғылы оқиға туралы ақпарат дүйсенбі күні түнде жария болды. Отырар ауданындағы Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен тараған 4 отбасы мүшелерінің демалысы қайғымен аяқталды. Демалуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-уы ересек адам.
Шаруашылық • 22 Тамыз, 2023
Шаруалар шығыны 7 млрд теңгеге жетуі мүмкін
Тіршілік нәрінің жетіспеушілігінен жамбылдық шаруалар биыл айтарлықтай зардап шекті. Тіпті шіліңгір шілденің кезінде қуаңшылықтың тақырға отырғызғалы тұрғанын ашына айтқан диқандар Үкіметтен өңірлік деңгейде төтенше жағдай жариялауды талап етіп, жанайқайын жеткізген болатын. Ал өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шаруа шығыны толық өтелетініне сендірген.