Спорт • 23 Тамыз, 2023

Алда – «Испания Вуэльтасы»

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында велоспорттағы ең белді жарыстардың бірі – «Испания Вуэльтасы» көпкүнді­гінің жалауы желбірейді.

Алда – «Испания Вуэльтасы»

Пиреней түбегіндегі және Андорра мен Фран­ция аумақтарында өтетін жарыс Барсе­лонадан бастау алып, Мадридте өз мәресіне жетеді. 23 тәулік аралығында велошабандоздар 3156,5 шақырымды жүріп өтуге тиіс. Биылғы жа­рыста 22 команда бақ сынайды. Олар­­д­ың қатарында «Астана» да бар. Еліміз вело­клу­бының сапында Давид де ла Крус (Испания), Луис Леон Санчес (Испания), Хавьер Ромо (Испания), Джо Домбровски (АҚШ), Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Фел­­ли­не (Италия), Андрей Зейц (Қазақстан) және Вадим Пронский (Қазақстан) өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Испа­ния­мен қоса, Нидерланд пен Бельгия аумақ­тарын­да ұйымдастырылған жарыс «Soudal Quick-Step» клубының серкесі, 22 жастағы бельгия­лық Ремко Эвенепулдің жеңісімен аяқталды.