Қоғам • 23 Тамыз, 2019
Дәурен Абаев фейк жаңалықтармен күресу туралы айтты
Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат таратумен күресу және оны заңнамалық тұрғыдан реттеу туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2019
Норвег зерттеушілері Қазақстандағы бизнес ахуалын саралады
Норвегиялық сарапшылардың тобы жуырда толығымен Қазақстанға арналған «International Business» баяндамасын әзірледі. Жоба бір жыл бойы жүргізілді және оған Норвегиялық ғылым және технология университеті, Норвегиялық экономика мектебі және BI Norwegian Business School қатысты. «Innovation Norway» мемлекеттік корпорациясы демеу көрсетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2019
Tax free жүйесі елімізге келетін туристер санын арттырады
Алматыдағы шетелдік туристер осы күзден бастап Tax free жүйесінің қызығын көре бастайды. Global blue компаниясымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Tax free жүйесін Қазақстанға енгізудің қанатқақты жобасы әзірленді. Қаржы министрінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 15-тамызынан бастап қанатқақты жоба заңды күшіне енді. Салықты қайтару жүйесі бір жарым айдан кейін Алматы сауда орталықтарының бірінде іске қосылмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Тамыз, 2019
Жоғалған альпинистің жұбайы құтқарушыларға алғыс айтты
Бүгін Алматы қаласында Қырғыз мемлекетіндегі Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу операциясының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің баспасөз-конференциясы өтті. Шараға іздеу-құтқару операциясының мүшелері Қорғаныс министрлігінің әскери альпенистері капитан Мақсұт Жұмаев, аға лейтенант Василий Пивцов, сондай-ақ Альпенизм және спорттық құзға шығу федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2019
Сауд Арабиясы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға қызығушылық танытуда
Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Саудтық ауыл және мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық компанияның (SALIC) басшысы Мэттью Дженсенмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен SALIC арасында ынтымақтастық орнату, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына сауд инвестицияларын тарту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.