Экономика • 29 Тамыз, 2022
Көмір кезегін қалай реттеуге болады?
Республика бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарынан басқа өңірлердің бәрі жылыту маусымына көмірді пайдаланады. Аталған екі өңір газды қолданады. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстары да газбен қамтылған. Бірақ бұл өңірлерде де көмір тұтынатын бірнеше аудан бар. Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы әр отбасыға жылыту маусымында 5 тонна және одан да көп көмір қажет. Оңтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш төмен – қысқы маусымда әр отбасыға шамамен 2 тонна көмір жеткілікті. Алайда бұл өңірде халық көп болғандықтан, тұтыну көлемі де жоғары.
Спорт • 29 Тамыз, 2022
Күні кеше ғана алыстағы Америкадан қуанышты хабар жетті. Штаб-пәтері Пуэрто-Риконың Сан-Хосе қаласында орналасқан Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта күш сынасатын танымал кәсіпқой боксшы, қазақтың мақтан тұтар ұлы Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атанғаны жайында ресми түрде мәлімдеді. Бұл жаңалықты жанкүйерлердің барлығы да қуана қабылдады. Расында да, қандасымыздың ол атаққа әбден лайық екені еш күмән туғызбаса керек. Осылайша, Жәнібектің есімі Қазақстаннан шыққан бесінші әлем чемпионы ретінде тарихта қалды.
Саясат • 29 Тамыз, 2022
VII съезге дайындық жоғары деңгейде
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық телеарналарға сұхбат берді. Сұхбатта Сенат Спикері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызы туралы айтып, биылғы форумның жаңа геосаяси ахуалдағы ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Өңірде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні айрықша салтанатпен аталып өтті. Салтанатты іс-шара барысында «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңінің, облыстық «Еңбек жолы», «Үздік волонтерлік жоба» байқауларының жеңімпаздары облыс әкімінің Алғысхаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Тарихы қойылыммен айшықталған айтулы күн
Шымкенттіктер 30 тамыз – Конституция күнін атап өтті. Айтулы мереке қарсаңында мегаполистегі «Түркістан» сарайында салтанатты кеш ұйымдастырылып, іс-шараға зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, қарапайым еңбек адамдары, депутаттар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері және жастар қатысты.