Қоғам • 24 Тамыз, 2022
11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Саясат • 24 Тамыз, 2022
Ауылдарда шешімін күткен мәселе көп
Amanat партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Жақында партия мүшелері Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарына барды. Қабылдауға бір күнде 60-қа жуық азамат келіп, іс-шарада 4 шалғай елді мекен қамтылды.
Саясат • 24 Тамыз, 2022
Жоғарғы палатаның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев Алматы облысына сапары барысында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы және облыстың бірқатар ауданының тұрғындарына, еңбек ұжымдары мен белсенділерге қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
Отандық нарықта 70 жылдан бері іркіліссіз жұмыс істеп келе жатқан Текелі сүт зауыты жуырда стақандағы тұзды айран мен дәстүрлі рецептпен құрт шығара бастады. Сөйтіп, зауыттың шығаратын өнім түрлері оннан асты, яғни сары май, сүзбе, қаймақ, майлылығы әртүрлі сүт пен айранның қатары жаңа өнімдермен толықты. Сонымен қатар тәжірибе ретінде «Сулугуни» ірімшігін өндіруді де қолға ала бастады. Алдағы уақытта балмұздақ шығаруды жоспарлап отыр.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2022
Ауылда шағын тракторлар шығарылады
Ауылда бизнес ашылды десе қуанатын болдық. Қазір кәсіптің көзін тапқанға велосипед ойлап табудың қажеті жоқ. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығына арналған техникалық жаңашылдықтарды ебін тауып енгізіп жатқандардың ісі сүйсінтеді. Ерлік Тайшыбаев құрастырған шағын тракторлар келешекте Ресей мен Қытайдан әкелінетін импорт техниканың орнын басып, шаруалардың қолын ұзартуы мүмкін.