Аймақтар • 23 Тамыз, 2022
Шала ұйқылы шаруа арзан жанармайға жарымай жүр
Диқан мен шаруаның шала ұйқылы болатын шағы келді. Қырда шалғы сырылы, етекте орақтың дауысы естіліп, шөп шабу мен егін ору науқаны қызып тұр. Осы беймаза кезеңдегі елдің тілеуі күн райы құбылмай, техника тоқтаусыз жүріп, қажетті жанар-жағармай жеткілікті болса дегенге саятыны да рас.
Қаржы • 23 Тамыз, 2022
Жеке тұлға банкроттығы қалай жүзеге асады?
Жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң биылдан қалмай қабылданатын түрі бар. Қазір заң жобасы Мәжілістің қарауында. Қаржы министрлігі осы тарапта жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, елімізде банкроттықтың үш түрлі процедурасын енгізу қарастырылуда.
Саясат • 23 Тамыз, 2022
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы елімізге не береді?
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Бұл мәселе туралы баяндаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының негізгі мақсаты – атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды, су ресурстарын және орман шаруашылығын басқару жүйесін жетілдіру.
Саясат • 23 Тамыз, 2022
Орталық Азия елдерінің интеграциясы қандай?
Экономика және саясат институты өткізген «Жаңа дәуірдегі Орталық Азия елдерінің интеграциясының перспективалары» атты дөңгелек үстелде Орталық Азия елдері басшыларының IV Консультативтік кездесуінің қорытындылары талқыланды.
Бизнес • 23 Тамыз, 2022
Кәсіпкерлікті жүргізуге не кедергі?
Ұлттық банк экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалдама нәтижесін жариялады. Сауалдаманың қорытындысы көлік пен қойма салаларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығында дайын өнімге деген сұранысқа қатысты жағдайдың жақсарғанын көрсетті. Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде жағдай нашарлаған. Сауда мен құрылыстағы сұраныс көрсеткіші де теріс аймақта тұр.