Әлем • 23 Тамыз, 2018
Сауда соғысының салдары жаһанды шарпиды
2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» кейін едәуір есеңгіреген әлемдік экономика енді ғана ес жиып, нақты даму баспалдақтарына қадам басты. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) соңғы деректеріне сәйкес 2018 жылы жаһандық ІЖӨ 3,9 процентке дейін өсіп, осы меже келесі жылы да сақталуға тиіс. Әлемдік көшбасшы саналатын АҚШ-тың экономикалық өсімі 2,9 проценттен асып түспек. ХВҚ сарапшыларының болжамы бойынша, Еуроаймақтағы биылғы экономикалық өсім 2,2 процентті құраса, Қытайдың қарқыны 6,6 проценттен асып жығылмақ.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2018
Жалған бағдарламалар жарға жықпасын
Соңғы кезде «7 – 20 – 25» бағдарламасына ұқсас атты жамылып, жарнамасын жасап жатқан түрлі бағдарламалар көбеюде. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымының сыртқы коммуникациялар қызметінің өкілдері хабарлап, халықты абай болуға шақырды.
Білім • 23 Тамыз, 2018
Жастар – партиялық жобалардың белсенді қатысушысы
Еліміздің әр түкпірінен келген белсенді жастар, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары және жас кәсіпкерлер Ақмола облысының Зеренді ауданындағы «Зерен» республикалық жастар жазғы білім беру лагерінде бас қосты.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2018
Жобалау кезінде қателікке жол берілген
Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбырдан елорданың бірқатар көшесі судың астында қалды. Бұл жағдай қала тұрғындарын біраз әбігерге салып, әлеуметтік желілерде де «әңгіме» көбейген еді. Жауынның «жыры» кеше Үкімет отырысында да күн тәртібінен тыс қаралып, Премьер-Министрдің назарында болды. Ал түстен кейін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметі қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовті шақырып, арнайы баспасөз мәжілісін өткізді. Онда елорданың нөсер кәріздері жүйесін дамыту жайы талқыланды.
Үкімет • 23 Тамыз, 2018
Жоспарлы межелер орындалуымен құнды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен кезекті Үкімет отырысы өтіп, онда орақ науқанының барысы талқыланды, сонымен қатар 2016-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының биылғы 6 айдағы қорытындысы баяндалды. Отырыста жылыту маусымы мен жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық шаралары кеңінен сөз болды.