Аймақтар • 21 Тамыз, 2017
Жамбыл облысында дәнді дақылдар өнімін жинау жұмыстары аяқталуға жақын
Әулиеата өңірінің шаруалары биыл да өңір әлеуетін арттыруға айтарлықтай үлес қосуды міндеттеріне алды. Ағымдағы жылы айтарлықтай жетістіктерге қол жетіп, өңірде ауыл шаруашылығы саласының арнасы кеңейе түсті.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Алдын ала біліктілік іріктеуінен өтудің тиімділігі неде?
Кәсіпкерлер «Самұрық-Қазына» қорындағы алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу рәсімінен қалай өткендіктері туралы айтып берді.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2017
Астанада агроөнеркәсіптік инвестициялық форум өтеді
«ҚазАгро» ұлттық холдингі Астана қаласында агроөнеркәсіптік инвестициялық форум өткізіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер мен инвесторлардың басын қоспақ. Саладағы жобаларды бірлесіп іске асыру мен азық-түлік тауарларын өндіруде серіктестер тарту арқылы қазақстандық бизнесті қолдау, инвестициялық капитал тарту, агроөнеркәсіптік кешендегі бизнестің жаңа трендтері мен перспективаларын талқылау мақсатындағы жиын Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылмақ. 25 тамыз күні өтетін «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форумға Қазақстан, Қытай, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Польша, Ресей, Испания, Түркия және тағы басқа елдерден 100-ден аса адам қатысады деп күтілуде.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының алғышарты ретінде адамдардың әл-ауқаты мен денсаулығының сапасын салыстыра отырып бағалау үрдісі әлемде алғаш рет 1974 жылы Канаданың денсаулық сақтау министрі Марк Лэйлондтың ресми баяндамасында айтылыпты. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда бұл түсінік түбегейлі өзгеріп келеді...
Әдебиет • 21 Тамыз, 2017
Көңілдің көгіндегі көкмойнақ жыр
«Есік алды беткей-ді. Беткей жақтан көктем әнін тыңдаймын. Қармен бірге неге еріп кетпейді Мұң-қайғым. Артта қалды ақ қыс емес, қара қыс. Шыныменен көктем келді жайнап қыр. Тереземнің дәл алдында бала құс Сайрап тұр» деп әйгілі «Мінәжат» өлеңін оқып еді марқұм этнограф-жазушы Ақселеу Сейдімбек. Осыдан тура он жыл бұрын елордада дүркіреп өткен Есенғали ақынның кешінде. Ақын өлеңінің ішіне кіріп кетердей тамсанған, бала құсты үркітіп алмауға бекініп, әсерленген бейнесі көз алдымызда қалып кетіпті.