Егемен Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2024
Тасқынға тосқауыл қойғандар «Көктемдегі алапат тасқын бүкіл еліміз үшін үлкен сынақ болды. Сол қиын күндерде біз ынтымағы жарасқан ел екенімізді көрсеттік. Еліміздің әр аймағынан жиналған еріктілер мен жанашыр азаматтар зардап шеккен жұртқа көмек қолын созды», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында.
Жәдігер • 20 Қыркүйек, 2024
Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты ертеде балгерлер мен бақсылар қолданған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қоса қолданатын болған. Олар асатаяқты ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әртүрлі сылдыр-күлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақ, сақина, шығыршық тағылады. Асатаяқ туралы Шоқан Уәлиханов пен белгілі зерттеуші Болат Сарыбаевтың еңбектерінде жазылған.
Ауа райы • 20 Қыркүйек, 2024
Ауа райы: Алдағы үш күннің болжамы ұсынылды
Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ең қысқа әңгіме • 20 Қыркүйек, 2024
Жалпы, мұғалімнің көбі балаға табиғат, жан-жануарлар туралы айтқанды дұрыс көреді. Мұның да бір мәнісі бар екенін кейін аңғардық. Біріншісі – тұспалдау. Яғни қалпыптасқан бейне арқылы (түлкі – қу, аю – жыртқыш, қоян – қорқақ т.б.) тәрбие беру. Екіншісі – табиғат, жан-жануар әлеміне бойлату. Мысалы, біз өскен өңірде жылан туралы аңыз көп айтылатын. Бір қызығы, көбі қорқынышты еді. Естияр шағымызда білдік қой, соның басым бөлігі үлкендердің көрші жұрт түсінігінен (кітап, фильм) алған «олжасы» екен. Мысалы, дәстүрлі қазақ ұғымында сол жылан – «шағып алатын жәндік» емес, байлық пен ақылдың серті екен. «Ер Төстік» ертегісі есіңізде шығар.
Ұлттық спорт • 20 Қыркүйек, 2024
Тоғызқұмалақтың төрткүл дүниеге шеруі
Әлем халқы көз тіккен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қарсаңында тоғызқұмалақ ойнаудан әлемдік рекорд орнатылды. Бір мезетте 213 473 адам ұлттық зияткерлік ойынға тіркеліп, қызығушылық танытқан.