Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2019
Елордада халықаралық туристік көрме өтіп жатыр
Қазақстан астанасында PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесі ашылды.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2019
Қазақстан мен Литваның көлік саласындағы ынтымақтастығы талқыланды
«Translogistica Kazakhstan 2019» халықаралық көрмесі аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Берік Камалиев пен Латвия Республикасы қатынас Министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рейманистің төрағалығымен Көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва жұмыс тобының ІІ-отырысы өтті.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2019
Алматыда TransLogistica Kazakhstan 2019 көрмесі ашылды
Алматы қаласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице - министрі Берік Камалиевтің қатысуымен TransLogistica Kazakhstan 2019 көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
Б.Нұрымбетов Алматыдағы әлеуметтік объектілерге барды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Алматыға жұмыс сапары аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қаланың әлеуметтік ұйымдары мен жұмыспен қамту орталықтарына барып, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Руханият • 19 Қыркүйек, 2019
Мәдениеттер тоғысына айналған Лондонда заманауи қазақ өнерінің жарқын өкілі Мақпал Жұмабайдың шығармашылық кеші табысты өтті. Ағылшын тарихында Черчильден кейінгі орында тұратын атақты тұлға, Темза өзенін қазып туннель салған инженер – Брунельдің музейі (The Brunel Museum) сахнасында ән салған Мақпалды өнерсүйер қауым ыстық ықыласпен, құрмет-қошеметпен қарсы алды.