Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
Батыс Қазақстанда «Бақытты отбасы» көбейеді
Батыс Қазақстан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша алғашқы тұрғын үй несиелері беріле бастады.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019
БҚО-да пайдаланылмаған жер телімі мемлекетке қайтарылады
Елімізде ірі жер иеленушілердің, жерді мақсатты пайдаланбай отырған латифундистердің аты-жөнін көпшілікке жария ету туралы ұсыныс бұған дейін де айтылып қалатын. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев берілген жерді пайдаланбай, не мемлекет меншігіне қайтармай отырған тұлғалардың аты-жөнін БАҚ-та жариялауды тапсырды.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2019
Өзбекстанның Бас Консулдығы тәуелсіздіктерінің 28 жылдығын Алматыда атап өтті
Бауырлас Өзбекстан халқының тәуелсіздік мерекесіне арналған қабылдауға Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласының өкілдігі, Алматыда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдігі қатысты. Мерекелік шара Алматыдағы дипломатиялық консулдықтың жаңа ғимаратында өтті. Өзбек консулдығының әрекет ету аясына Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы және Шымкент қаласы енеді екен. Өзбек ағайындар Алматы консулдығының жұмысына ерекше мән беріп, оны Қазақстанмен сауда, экономикалық байланыстарында флагман ретінде қарастыра бастапты.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2019
Қазақстанда NASA Орталық Азия аймақтық ақпараттық орталығын ашу жоспарлануда
Бұл туралы Қазақстан астанасында өтіп жатқан «Орталық Азия мен Кавказдағы жер өзгерістерін қадағалау және су-энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты даму» атты бірінші халықаралық конференцияда белгілі болды.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2019
Қызылордада мекеме басшысына пара алғаны үшін жаза тағайындалды
Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.