Пікір • 21 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы БҰҰ орнықты даму мақсатындағы саммитте Мажарстан Президенті Каталин Новакпен тең төрағалық етті. Көшбасшылардың бірінші сессиясында қазіргі жаһандану заманында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, сын-қатерлерді меңгеру, тұрақты дамуға байланысты тақырыптар көтерілді.
Шаруашылық • 21 Қыркүйек, 2023
Астықты өлкеде жаз бойы аспаннан нәр тамбаған құрғақшылықтың салдарынан алқап қойнауына сіңірген дән бой салып өспей, диқандарды бір қобалжытса, күзгі үздіксіз жауған ақ жауын «жығылғанға – жұдырық» болып тұр. Облыс диқандары 5 миллион гектардан аса егістік алқабының небәрі 20 пайызға жуығын ғана жинай алды.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2023
Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инвестиция • 21 Қыркүйек, 2023
«Wabtec» елімізге 1 млрд доллар инвестиция салады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Wabtec» компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесуінде Қазақстанның теміржол саласын реконструкциялау мәселесі сөз болды. Әлемнің 50 елінде жұмыс істейтін, құрамында 27 мыңнан аса қызметкері бар, Fortune 500 тізіміне кіретін және транспорт пен логистика саласындағы жаһандық көшбасшы саналатын «Wabtec» компаниясы Қазақстанға инвестиция салуға ниетті.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Азия ойындарында ел намысын қанша спортшы қорғайды?
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 19-шы Азия ойындарына 525 қазақ спортшысы қатысады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.