Әлем • 19 Қыркүйек, 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстан Президенті Мұхаммед Ашраф Ганидің қасиетті Құрбан айт мерекесі кезінде атысты тоқтату туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кино • 19 Қыркүйек, 2018
Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды
Кинематография туралы жаңа заң жобасында фильмдердің прокат тілі мәселесіне айрықша мән берілді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
«Астана Банкі» лицензиясынан айырылды
ҚР Ұлттық банкі «Астана банкін» банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2018
Жауқазын жырларымен оқырмандарын елең еткізіп, болашағынан үлкен үміт күттірген ақын, журналист Назгүл Өтенованың есімі өңірде жан-жақты ұлықталып келеді. Облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бастамасымен былтыр «Тілім жатыр тамырынан қырқылып, Жанарымда жасым содан тұр тұнып.Туған жұртым қалмасын деп іркіліп, Жан жүрегім жүр ғой менің жыртылып» деген орамды ойлар, сергек сезімдер, кестелі тілдер молынан кездесетін өлеңдер, публицистикалық мақалалар топтастырылған жинақ жарық көрді. Ол білім алған М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде «Тіл–қазына» жобасы аясында дәрісхана ашылды. Өмірі мен шығармашылығы сыныптан тыс оқу сабағына енгізілді. Енді, міне екі мүшел жасында қырмызы гүлдей мезгілсіз солған жерлесіміздің құрметіне ұйымдастырылған жас ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетіп, қорытындысы жария етілді.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Тоғыз тонна есірткі тәркіленді
Шымкент қаласында орналасқан Халықаралық штаб бірнеше елдің құқық қорғау органдарының өзара бірлескен әрекеттерін үйлестіру арқылы ауқымды операцияны жүзеге асырды. Атап айтсақ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерінің есірткіге қарсы күрес бөлімшелері, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының қатысуымен халықаралық «Канал – Красный бархан» есірткіге қарсы операция өз мәресіне жетті.