Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2018

Жауқазын жырлар жалыны

220 реткөрсетілді

Жауқазын жырларымен оқырмандарын елең еткізіп, болашағынан үлкен үміт күттірген ақын, журналист Назгүл Өтенованың есімі өңірде жан-жақты ұлықталып келеді. Облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бастамасымен былтыр «Тілім жатыр тамырынан қырқылып, Жанарымда жасым содан тұр тұнып.Туған жұртым қалмасын деп іркіліп, Жан жүрегім жүр ғой менің жыртылып» деген орамды ойлар, сергек сезімдер, кестелі тілдер молынан  кездесетін өлеңдер, публицистикалық мақалалар топтастырылған жинақ жарық көрді. Ол білім алған М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде «Тіл–қазына» жобасы аясында дәрісхана ашылды. Өмірі мен шығармашылығы сыныптан тыс оқу сабағына енгізілді. Енді, міне екі мүшел жасында қырмызы гүлдей мезгілсіз солған жерлесіміздің құрметіне ұйымдастырылған жас ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетіп, қорытындысы жария етілді.

Жұртшылыққа алдымен айтыскер ақын, кейін отты жырларымен танылған  Назгүл қысқа ғана ғұмырында жасындай жарқылдап өтті. Мінезі өршіл, арманы асқақ, еді. Сұм ажал арамыздан беймезгіл алып кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, кешегідей көз алдымызда жүрген сияқты, дей келіп, Қазақстан Жазушылар одағы жергілікті бөлімшесінің төрағасы, «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС-нің директоры Жарасбай Сүлейменов әдеби кешке жиналғандарға тырнақалды мәдени шаранының жыл сайын өткізілетін дәстүрге айналатынын, Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сафуан Шаймерденов, тағы басқа  ұлт тұлғаларына қатысты жобалардың  жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, арқалы ақын Зейнолла Әкімжанов, алашқы ұстаздарының бірі Бектұрған Рамазанов, сіңлісі Айман Тельманқызы, дәрісхана жетекшісі Лина  Ысқақова марқұмның ешкімге ұқсамайтын болмыс-бітімі, ұлтжанды қасиеттері жайлы естеліктермен бөлісті.

Арнайы комиссия жыр бәйгесіне үкілеп қосылған қырыққа жуық үміткердің ішінен ең таңдаулыларын іріктеді. Бірінші орынға Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушысы Дильфуза  Абдукаюмова лайық деп табылды.  Екінші орынды павлодарлық Алтынбек Мақсатхан, үшінші орынды мамлюттік Гүлжамал Сүлейменова иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, өнер өлкесіне қадам басқан басқа да  талапкерлерге де ақшалай,заттай сыйлықтар  табыс етілді. Жыр мүшәйрасын ұйымдастыруға белсене қатысқан ұстаздар Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен мапараптталды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жастар белсенділігі жоғары

Қазақстан • Бүгін, 10:37

Тиімді үнқатысу үзілмейді

Қазақстан • Бүгін, 10:34

«Хат қоржын» (18.06.2019)

Қазақстан • Бүгін, 10:24

Іске сәт, жас маман!

Қазақстан • Бүгін, 10:22

Күнә – иесін қорлайды

Қоғам • Бүгін, 10:16

Жасампаз дәуірдің жарқын сәті

Президент • Бүгін, 10:12

Жарқын болашақ жолында

Президент • Бүгін, 09:54

Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды

Аймақтар • Бүгін, 09:42

Бір үзім нан

Қоғам • Бүгін, 09:21

Нарынның Нариманы

Аймақтар • Бүгін, 09:19

Суретшілер Таразда бас қосты

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Сахнаның сәні – «SAMGAU»

Руханият • Бүгін, 09:16

Құттықтаулар жалғасуда

Президент • Бүгін, 09:06

Таралым аз, жарнама жеткіліксіз

Руханият • Бүгін, 09:02

Ұқсас жаңалықтар