Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2019
Хэм ағай: шеберлік һәм шыңырау
1959 жыл. Мәскеу. Хемингуэйдің «қара екітомдығы» жарық көріп, дүн-дүниеде әдеби пейзажды өзгерткен «жер сілкінісі» болды. Ресей жұрты үшін Америка мен Хемингуэй егіз ұғымға айналып, кітапсүйер елдің бәрі жапа-тармағай Хэм ағайдың суретін қабырғаларына іліп жатты. Тоқылған жемпір киіп, сақал өсірді. Әдеби ортада еліктеу селі қатты жүрді. Жас романтиктер «ұлы Хэм ағайша» өмір сүруді қалады. Алайда әдебиеттанушы Рафат Әбдіғұловтың сөзімен айтсақ, «Хемингуэйге еліктегендердің бәрі Хемингуэйше жазғысы келді. Бірақ ешқайсысы Хемингуэй бола алмады». «Әдебиетке алғаш аяқ басқаннан көпшілікті таң- ғалдырған Эрнест Хемингуэй жазуда қандай ерекшелігімен назарға ілікті? Хемингуэй творчествосының қазақ әдебиетіне әсері болды ма?» Осы сұрақтар төңірегінде ой қозғап, әдебиеттің өз адамдарынан сөз сұрап көрдік.
Экономика • 19 Қыркүйек, 2019
Табысын жасыру мемлекетті тонаумен тең
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде аз қамтылған, әсіресе көп балалы отбасыларды қолдаудың аясын кеңейту үшін Үкіметке атаулы көмек көрсету өлшемдерін ең төменгі күнкөріс шегінен (14849 теңгеден 20789 теңгеге дейін) 70 пайызға дейін арттыруды тапсырған болатын.
Президент • 19 Қыркүйек, 2019
«Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде жоғары бағаланды. Ол ел дамуының өте күрделі кезеңінде Қазақстан Үкіметін басқарды. Қ.Тоқаев Сенат Төрағасы ретінде Қазақстандағы парламентаризмнің және заң шығару қызметінің дамуына мол үлес қосты. Мен оған толық сенемін және оны Қазақстанды басқаруға лайықты азамат деп есептеймін». Nur Otan партиясының сәуір айында өткен съезінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туралы осылай деген еді. Соңғы үш айдың ішінде еліміздің саяси, әлеуметтік өмірінде болып жатқан оң өзгерістер мен бастамалар бұл таңдаудың дұрыстығын тағы бір дәлелдеді. Қазақстанда ешқандай даңғаза, дау-дамайсыз, жоғары сеніммен, парасатпен, бейбіт түрде жүзеге асқан билік транзитін халық та, қоғам да терең түсіністікпен қабыл алды.
Президент • 19 Қыркүйек, 2019
Президент шешімдері нақты нәтижелерге бағытталған
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Мемлекет басшылығына келгеніне жүз күн толды. Әрине, бұл ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып үлгеру үшін өте аз уақыт. Соған қарамастан, Қ.Тоқаевтың қолға алған бастамаларын, алға қойған басымдықтарын, осыған дейін атқарған жұмыстарды зерделей отырып, қандай оң өзгерістер мен жаңалықтарға жетелейтінін болжауға болады деген пікірдемін.
Президент • 19 Қыркүйек, 2019
Ел дамуын айқындаған бастамалар
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне ресми кіріскеніне 100 күн толды. Бұл – көп уақыт болып көрінбегенімен, жер жүзінде қалыптасқан жүз күндік тұжырым бойынша Мемлекет басшысының тұлғасы айқындалатын, нақты шешімдер қабылданып, маңызды міндеттерді жүзеге асырудың алғашқы қадамдары жасалатын мерзім.