Мектеп • 21 Қыркүйек, 2023
Риддерде 16 мектеп бар болса, біреуі ғана қазақ тілінде білім береді. Ол – «Шаңырақ» мектеп гимназиясы. Қос корпусты мектеп ғимаратының бірі 1960 жылы бой көтерсе, енді бірі сонау қуғын-сүргін жылдары салынған. Заман озған, қос ғимарат тозған. Бүгінде «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы ғимараттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, оқушылар уақытша басқа мектепке білім алуға көшірілген.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Танымал vRINGe сайты орта салмақта күш сынасып жүрген кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Мықтылар көшін қазақтың қайсар ұлы, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бастап тұр.
Спорт • 21 Қыркүйек, 2023
Балуандар үздік бестік қатарында
Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның еркін күрес шеберлері 1 алтын және 1 қола медальмен қорытындылады. Бас жүлдені 92 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ризабек Айтмұхан жеңіп алса, 86 кило салмақта белдескен Азамат Дәулетбековке қола медаль бұйырды. Дәл осы нәтижемен жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте үздік бестіктің қатарына енді.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында осы аптаның басты оқиғасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясының жалпы пікірсайыстарына қатысты. Президент өз сөзінде халықаралық институттарға негізделген жаһандық басқарудың қолданыстағы жүйесін тұрақтандыру үшін диалог пен дипломатияның маңызын атап өтті.
Басылым • 20 Қыркүйек, 2023
БҰҰ Бас Ассамблеясы адамзаттың ғасырлық болашағын айқындауға баса мән беруі керек
Біріккен Ұлттар Ұйымы осыдан 78 жыл бұрын құрылғаннан бері БҰҰ Бас Ассамблеясы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешу үшін әлемдегі ең ықпалды көшбасшылардың басын қосып келеді. Жыл сайын бұл саммитке жиналатын аттөбеліндей азаматтардың мойнына орасан зор жауапкершілік артылады. Сондай-ақ жиында, бір қарағанда, елеусіз болып көрінетін, ал шын мәнінде миллиардтаған халықтың тағдырын өзгерте алатын шешімдер қабылданады.