Маман • 20 Қыркүйек, 2024
Деректерге жүгінсек, еліміздегі 11 мыңға жуық кітапханада 25 мыңнан астам кітапханашы қызмет етеді екен. Осыншама қызметкерлердің ішінде ер кітапханашылардың қарасы – 5-6 пайыз ғана. Оның себебі ел арасындағы кітапханашы – әйел адамның жұмысы ретінде қалыптасып қалған түсінік пен еңбекақының аздығымен байланыстырылады.
Дәстүр • 20 Қыркүйек, 2024
Аман Ауғанбайұлы дейтін жетпісті еңсеріп қалған ағамыз бар. Өзі сонау жылдары Алтайдың арғы бетінен келген. Бұл кісінің басқа қазақтардан айырмашылығы – қып-қызыл ұлтшыл. Әмбе қазағы айлы аспанның жұлдызындай жамырап кеткен солтүстік өңірде тұрады. Қашан көрсеңіз, екі аяқты көсіліп тастап, біреулермен қызылшеке дауласып отырғаны. Сондағы айтатыны: «Сендер неге қазақша сөйлемейсіңдер?».
Жансарай • 20 Қыркүйек, 2024
Рысқұл Ойнаров, академик: Ар-ұят секілді қалқанымыздан айырылып қалғандаймыз
Академикпен кең отырып әңгімелесуге Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында кездесетін болып келістік. Бұрын көрмеген ғалыммен кездесу қалай болады деп аздап қобалжып, параққа жазып алған сұрақтарымды қайта-қайта қарап, бір пысықтап алдым. Сөйткенше, аталған оқу орнына да жеттім. Алдымнан ұзын бойлы, жүзінен мейірімі төгілген кісіні көргенде, көңілім бірден жайланып сала берді. Сондай зиялы, қарапайым тұлғаның бойынан қазақылықтың иісі аңқып тұр. Құдды ауылдағы жақын ағамды көргендей болдым. Осы жолы елімізге белгілі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рысқұл Ойнаровпен отандық ғылымның дамуы, қазақ тілінің жағдайы, ұрпақ тәрбиесі туралы сөйлестік.
«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2024
Экологиялық іс-шараның тиімділігі
«Бурабай» ұлттық паркі жазғы экологиялық акциялар барысын қорытындылады. Парк аумағындағы көлдердің жағалау сызығы мен орман жолдарының 150 шақырымнан астамы ретке келтіріліп, жазғы экологиялық акциялар кезінде қоқыстардан тазартылды. Ұлттық парк аумағында төрт жүз тоннадан астам қоқыс жиналды.
Туризм • 20 Қыркүйек, 2024
Қыркүйек айында өткен іс-шараның нәтижесінде, елімізге 1-13 қыркүйек аралығында келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, оның 68 мыңы елімізге Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, қалғандары авто және теміржол көлігімен келген.