Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
1 қаңтардан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Орталық Азия мен АҚШ арасы бұрын дәл бұлай жақындасқан жоқ – саясаттанушы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатта сөйлеген сөзінде әлемді толғандырған мәселелерді көтерді. Геосаяси қақтығыстардың жаңа дәуірі туып, адамзаттың алдында үлкен сын-қатерлер тұрғанын қаперге салды. Саясаттанушы Оразғали Селтеев Президент АҚШ-тағы жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп қана қоймай, шешімін де ортаға салды дейді.
Пікір • 20 Қыркүйек, 2023
Айдос Сарым: С5+1 саммитінде Қазақстанның көпвекторлық саясаты сараланды
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, мәжіліс депутаты Айдос Сарым «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммиті туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2023
Ақтау қаласының әкімі тағайындалды
Бүгін, 20 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына өз еркімен қызметінен кеткен Ербол Ізбергеновтің орнына қала әкімі қызметіне жаңа кандидатты ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
Реформа Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің санын арттырады - Ғазиз Әбішев
Президент Нью-Йорк қаласына сапарында БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен Жалпы дебатқа қатысты. Мемлекет басшысы өз сөзінде халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамау, тоқтатып қою және оны тәрк ету тәжірибесі өте алаңдатарлық жағдай екенін айтты. Бұл ретте ядролық қарудан бас тартудан бастап халықаралық қылмыстық сот төрелігіне дейінгі құжаттар туралы сөз етуге болады. Бұл дамушы державалар үшін ғана емес, батыс әлемінің көшбасшылары үшін де алаңдатарлық жағдай.