Спорт • 19 Қыркүйек, 2023
Ермек Маржықпаев: Жакартадағы нәтижені жақсартамыз
Бүгін Алматыдағы жаңадан ашылған Олимпиадаға даярлық орталығында Жазғы Азия ойындарына қатысатын делегацияны шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев, Спортты дамыту дирекциясының басшысы Ербол Мырзабосынов, жеңіл атлетикадан қазақ спортының аңызы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Әмин Тұяқов қатысты. Іс-шара аяқталғаннан кейін министр Е.Маржықпаевқа сұрақ қойған едік.
Кино • 19 Қыркүйек, 2023
Қарағандыда 1 миллион теңгеге түсірілген киноның тұсауы кесілді. «Сарыжайлау» кинотеатрында «Бетпе-бет» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Жаңа туындының режиссері – Қаршыға Иген.
Тарих • 19 Қыркүйек, 2023
Кімнің қанша жыл өмір сүру мүмкіндігі жаратушының қолында ғой. «Тіршілігіңде не жасадың?» деген жалғыз сұраққа қайтарған жауабына қарай бақилық болған кісіге қажетті шешім қабылданатын көрінеді. Осынау сауалға Жасболат аға қалай жауап қайтарды екен? Жасболат Нұрмұхамбетовтің жетпіс төрт жылғы өмірінің мәнді, тірлігінің сәнді болғанын оның замандастары да, ізін басқан әріптестері де айтады. Өйткені ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді емес пе. Жасекең жақсылардың санатынан еді.
Зерде • 19 Қыркүйек, 2023
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихының ақтаңдақ тұстары көп. Соның бірі – Түркістан легионы сапында болған қазақ жауынгерлерінің тағдыры. Соғыстан кейін бұлардың бірлі-жарымы бас сауғалап Түркияның Ыстанбұл, Анкара қаласына барса, бір тобы Адана қаласына тұрақтаған екен.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2023
Жітіқара ауданы даму тарихындағы 95 жылдық белесін кеңінен атап өтті. Ежелден алтын, асбест кенімен әйгілі өңірдің бүгінде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік, әлеуметтік саласы қарқынды дамып келеді.