Хоккей • 19 Қыркүйек, 2023
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымын сәтсіз бастап, қатарынан бес бәсекеде ұтылған Астананың «Барысы» соңғы екі ойында өз көрермендерін қуантты.
Мәдениет • 19 Қыркүйек, 2023
Таяуда көрікті Көкшетау баурайын жайлаған, осы жерде түтін түтетіп, қонақжай қазақ даласын өз Отаны санаған шешен-ингуштар «Ел бірлігі» фестивалі аясында мәдениет күндерін атап өтті.
Мектеп • 19 Қыркүйек, 2023
Мектепке де ұлттық киім жарасады
Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында биылдан бастап жақсы бір үрдіс қалыптаса бастады. Басшылықтың ұйғарымымен мектепте әр аптаның жұма күнін – Ұлттық киім күні деп жариялады.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Меценат.кз» тәуелсіз әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты, жазушы, публицист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесер рәсімі жасалды. Онда автордың аталған шығармасы жан-жақты талданып, әдебиетшілер мен сыншылар пікір бөлісті.
Сұхбат • 19 Қыркүйек, 2023
Мақсатын заңмен ұштастырған сала сардары
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы сынды тарихта таңбаланған адамзат баласының әділ өмір сүруі мен құқығын қамтамасыз етіп, қоғамда бейберекетсіздіктің орын алмауын көздеген құнды құжаттар көне заманнан мұраға қалып келеді. Тәуелсіз ел атанып, еңсе тіктеген шақта біздің де Ата Заңымыз қабылданды. Өткен жылы жалпыхалықтық референдум өткізіліп, Конституцияға біраз өзгеріс енгізілгені де мәлім. Содан бері Конституция әр азамат өмірінің құрамдас бөлігі ретінде жұмыс істеп келеді. Заман өзгерсе де, мамандық иелерінің жұмысы артпаса, еш азаймайды. Еңбек жолын сонау 70-ші жылдарда бастаған ардагерлер Қазақстанның түрлі кезеңдердегі қиын-қыстау әрі гүлденген тұстарына куә болған. Осы орайда заң саласында 63 жыл қажырлы еңбек еткен 83 жастағы ардагер Айшагүл Күзембаевамен жүздесіп, жылы әңгімелестік.