Коронавирус • 24 Қыркүйек, 2021
Қанша қазақстандық вакцина салдырды?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдырғандардың статистикасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 24 Қыркүйек, 2021
Салымшыларды біріктіретін портал
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдік берілген өтем сомасын төлеудің электронды порталын сынамалы тәртіпте іске қосты. Оның баламасы ТМД аумағында жоқ. Көрсетілетін мұндай қызметтер Оңтүстік Корея, Финляндия және Тайвань секілді технология жағынан дамыған мемлекеттерде жүзеге асырылған. Ал Германия мен Канадада онлайн-төлемдерді енгізу жұмыстары әлі жүргізілу үстінде.
Технология • 24 Қыркүйек, 2021
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электронды ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесін тәжірибелік пайдалануға ұсынып отыр. Жоба «Е-Шаңырақ» деп аталады.
Коронавирус • 24 Қыркүйек, 2021
3 673 адам коронавирустан жазылып шықты
Елімізде барлығы 805 346 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 24 Қыркүйек, 2021
Жұрт алдында өзін «ақынмын» деп айтқысы келмейтін ақындар да баршылық. Олардың бұл әрекеті өзіне деген күмән емес, саф өнердің алдындағы тазалық, ұяңдық дер едім. Былайғы жұрт «ақындар өлең жазудан басқа не істей алады?» деген сұрақ қоюы мүмкін. Мұның жауабы да дайын. Ақын – ойдың адамы, ал сол ойдың ішінде ұлтының сөзі, қуанышы, күлкісі, мұңы мен мұқтажы жасырынып жатады. Ақын оны ашып айтпағанымен, өлеңдері арқылы жеткізеді. Ұлы жазушы Эрих Мария Ремарктің «Бір адам басқа бір адамға бір тамшы жылудан өзге не бере алады және бұдан артық не болуы мүмкін?» дегенін еске алсақ, шынында ақындар ұлтына өлеңді де, тіпті бәрін бере алады. Тек олардың жазғанын оқып, түсініп, айтқанын аңғаратын ниет болса.