Жәдігер • 19 Қыркүйек, 2024
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Qyzylorda» телеарнасы бірлесе қолға алған «Құнды жәдігер» жобасы музей қорын тарихи мұралармен толықтыра түскен бастама болып отыр. Жуырда осы жоба аясында қазақ даласындағы орны бөлек діни қайраткер Марал ишан Құрманұлының асасының көшірмесі мен тақымы тиген ер музей қорына тапсырылды.
Білім • 19 Қыркүйек, 2024
Отандық колледж студенттері «WorldSkills-2024» жұмысшы мамандықтарының әлемдік чемпионатында 7 медальон жеңіп алды. Француз қаласы Лионда өткен «WorldSkills Lyon-2024» 47-халықаралық кәсіби шеберлік сайысына 69 елден 1500-ге жуық колледж студенті қатысты. Былтыр Қазақстан құрамасы Гданьск қаласында өткен «EuroSkills» чемпионатында 2 медаль және 4 медальон жеңіп алған еді. Биылғы ірі жарыста нәтиже айтарлықтай жақсарған.
Тұлға • 19 Қыркүйек, 2024
Ұлтымыздан шыққан аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушылар санатындағы кәсіби классик-композитор, халық шығармаларын сүйіп, құмарта тыңдаған Сыдық Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толды. Балалық шағы ауылдық жерде өткендіктен, жас талант Арқадан шыққан дарынды тұлғалар Ақан сері, Біржан сал, Мәди, Естай, Үкілі Ыбырай, Тәттімбет, Сайдалы сары Тоқа, Әбди, Қыздарбек, Сембек, Әбікен Хасенов, т.б. әндері мен күйлерін бойына сіңіріп өсті.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024
Көлік қозғалысы әуеден бақыланады
Қостанай облысының республикалық маңызы бар жолдарындағы көлік қозғалысы ұшқышсыз әуе құрылғыларының көмегімен бақылана бастады. Облыс прокуратурасы, ТЖД, полиция қызметкерлері бірлесіп қолға алып отырған жаңа жоба көлік апаты жиі болатын жол учаскелерінде сынақтан өтті.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2024
Киік атумен түйткіл шешілмейді
Бүгінгі күні мал сүмесімен күн көріп отырған батыс өңірінің жағдайы түз тағысы – киіктің тағдырымен тығыз байланысты болып тұр. Онсыз да соңғы жылдары жауын жаумай, қуаңшылық салдарынан баққан малдарына беретін су көздерін, шабындық-жайылым жерлерін көздерінің қарашығындай қорғап жүрген ауыл тұрғындарын, әсіресе мал ұстаған жеке шаруа қожалықтарын осы киік мәселесі әбден титықтатып жібергені байқалады.