Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2019
Бурабай баурайында «Әке – отбасының тірегі» атты ІV республикалық әкелер форумы өтті. Маңызды шараға мұрындық болған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Ақмола облысының әкімдігі, «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі мен «Құқық» қоғамдық қоры бүгінгі таңдағы ең бір өзекті мәселелерді көп болып кеңесіп, талқылады.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2019
Жігерлі жастарды жинаған нетворкинг
Бұл тәжірибе алмасу алаңына 200-ге жуық жас қатысты. Шымкент қаласында алғаш рет «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында өткен бұл іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетті. Екі күнге жалғасқан Жастар ұйымдарының нетворкингіне 18-29 жас аралығындағы Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының жастары қатысты. Арнайы шақырылған спикерлер жастарға маңызды ақпараттар беріп, орамды ойларын ортаға салды.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2019
Сан мен сапа бірлігі: Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы оң нәтиже берді
Бүгінгі материалымыздың айдарында тұрған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы өңірде бұдан үш жыл бұрын басталған-ды. Дәл сол кезде өңір халқының өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде ауқымды жұмыстар қолға алынып, жүзеге аса бастады. Әрине жаңа жобаның бұлайша шұғыл өрістеуіне себепші болған жайттар да жоқ емес-ті. Атап айтқанда, 2016 жылдың 5 маусымы күні Ақтөбе қаласында діни экстремизмнің бой көрсетуі салдарынан орын алған қайғылы оқиға мен теракт бұл бағыттағы профилактикалық шараларды ширата түсу қажеттігін ұғындырып кеткені де сол кездің шындығы еді.
Руханият • 17 Қыркүйек, 2019
Ұлтымыздың шынайы тарихын жазу үшін үлкен теориялық-методологиялық дайындықпен қатар, бай тарихи деректер қоры болуы шарт. Алайда тарихи деректерге, құжаттарға қол жеткізу үлкен мәселе екендігі белгілі. Біздің Отан тарихына, әсіресе ерте және ортағасырлық тарихымызға қатысты көптеген деректер шетел мұрағаттары мен кітап қорларында сақтаулы. Қазіргі күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді түгендеуге, оның көкжиегін кеңейтуге рухани болмысымызды бүтіндеуге бағытталған іргелі шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, Қазақ елінің ортағасырлық тарихы бойынша көп жазба деректер қытай, парсы, араб, шағатай тілдерінде жазылған. Бұл қолжазбалар негізінен Мысыр, Үндістан, Иран, Тәжікстан, Армения, Өзбекстан, Қытай, Ресей елдерінде сақталған.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Шағын кәсіп шаңырақтан басталса...
«Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген қазақтың қанатты сөзі бар. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап Алла тағала оның ризығын тағдыр тақтасына жазып қоятыны белгілі. Аузына ана сүтінен бастап, тіршілікте түрлі тағамның дәмін тату пенденің пешенесінен айналып өтпейді. Бірақ сол ризыққа қол жеткізу адамның іс-әрекетіне байланысты болмақ.