Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2019

Сан мен сапа бірлігі: Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы оң нәтиже берді

437 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Бүгінгі материалымыздың айдарында тұрған «Халық қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету» жобасы өңірде бұдан үш жыл бұрын басталған-ды. Дәл сол кезде өңір халқының өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісін­­­де ауқымды жұмыстар қолға алынып, жүзеге аса бастады. Әрине жа­ңа жобаның бұлайша шұғыл өрістеуіне себепші болған жайттар да жоқ емес-ті. Атап айтқанда, 2016 жылдың 5 маусымы күні Ақтөбе қала­сында діни экстремизмнің бой көрсетуі салдарынан орын алған қай­ғылы оқиға мен теракт бұл бағыттағы профилактикалық шара­ларды ширата түсу қажеттігін ұғындырып кеткені де сол кездің шын­дығы еді.

Сан мен сапа бірлігі: Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы оң нәтиже берді

Аталған жобаның бастапқы ке­­зеңінде облыс орталығы мен аудан­дарына орталықтан әрі елдің өзге де аймақтарынан құқық қорғау ор­гандарының өкілдері мен теологтар және әлеуметтік-экономикалық са­ланың түрлі бағытында қызмет ат­қаратын белгілі сарапшы мамандар келді. Олар облыстың елді мекендерінде халықпен кездесіп, өкінішті жайттардың себептері мен салдарын анықтауға ұмтылды. Со­нымен бірге алдағы уақытта б­ірінші кезекте ел-жұртты толған­дыратын қандай мәселелерге басымдық бе­ру қажеттігін саралап берді. Сөй­тіп рес­публикалық ақпараттық-на­си­хаттық топ құрамындағы сарап­шы­лар облыс тұрғындарымен қоян-қолтық жұмыстар жүргізе бастады.

Күрмеуі қиын мәселеге бұлайша жаңаша көзқарас тұрғысынан келу тәсілі оң нәтижесін берді деп толық сенім­мен айта аламыз. Осылайша об­лыста «Халық қауіпсіздігін қам­­тамасыз ету» деп аталған қанатқақты жо­ба халыққа түсінікті бола бастады. Кешенді түрде жүргізілген кең ауқымды түсіндіру жұмыстарының нә­тижесінде халықты алаңдатып жүрген бірқатар әлеуметтік-тұрмыс­тық мәселе өз шешімін тапты. Бұдан кейінгі кезеңде облыста ел-жұрттың ойы мен көңілінен шыққан аталған жоба аясындағы іс-шараларды әр жыл сайын жалғастырып, жаңғыр­тып отыру жөнінде ұйғарым жасал­ды.

Биылғы жылдың 20 тамызы күні Ақтөбе облысының әкімі Оң­да­сын Оразалиннің тапсырмасына сәйкес өз жалғасын тапқан «Ха­лық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы Ақтөбе қа­ласы мен облыс аудандарындағы ірі ел­ді­ ме­кен­дердің тұрғындарын, олар­дың кең ауқымды шоғырын қамтыды. Сон­дай-ақ соңғы уақытта аталған жоба өзінің әу бастағы ауқымы мен шеңберін әжептәуір ұлғайта түс­кені де сүйінішті жайт. Нақтырақ айтқанда, қазіргі кезде жоба жанашырлары тұрақтылық пен ты­ныштықты орнықтыру үшін ең ал­дымен әлеуметтік мәселелер өз ше­шімін табу керектігіне басымдық бе­ріп келеді. Мұның өзі бұған дейін тәжірибеде өзін өзі ақтаған жо­ба­ның жаңа мазмұнмен толыға тү­суі­нің нақты көрінісі. Әрі әлгінде ай­тыл­­­ғандай, өңірде тұрақтылық пен тыныштықты сақтау ісінің бас­ты тетігі болмақ. Бүгінде еліміздің кез келген өңіріндегі халықты толған­дыратын әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер мен өмір ағысында орын алып жататын түйткілдер аз емес екені аян. Соның ең бастыларының бірі – баспана мен атаулы әлеуметтік көмек екені белгілі.

Осы мәселеге байланысты «Ха­­лық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында азаматтарды қа­был­дау тәртібі белгіленген. Сол кез­де олар бұған қатысты тиісті жауап­тар ала алады. Мысалы, қазіргі кез­де өңірде «Бақытты отбасы», «Өз үйім», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дарламалары бойынша көп балалы аналарға па­йыздық мөл­шерлемесі төмен тұрғын үйлер бе­рілуде. Бұл жөнінде «Тұрғын- үйқұ­­­рылысжинақбанкі» АҚ филиалы аймақтағы 8 құрылыс компания­сымен келісімшартқа отырған. Әйт­се де қарапайым тұрғындардың де­ні төмен пайыздық баспанаға ие бо­лудың жәй-жапсарын біле бер­меуі мү­мкін. Мұның анық-қанығына жетуге аталған жобаның шапағаты тиіп отыр.

Сондай-ақ тұрғындардың бел­гілі бір жұмысқа орналасуына да жо­­ба аясындағы іс-шаралар кө­ме­гін тигізуде. Мысалы, бүгінгі күні Ақтөбе қаласында 1300-ге жуық бос жұмыс орны бар екен. Ал нақты жұмыс іздеп жүрген жұ­мыс­сыздардың саны бұдан әлдеқайда аз болып шықты. Мі­не, қарама-қайшылық қайда? Бұл ретте бос жұмыс орындары жәр­меңкесін өткізу тұрақты үрдіске ай­на­лып, тұрғындарға әжептәуір көмегін тигізген. Осылайша 6,5 мың­ға жуық қала халқы жұмысқа орналастырылған.

Сонымен бірге басы ауырып, бал­­­тыры сыздағандарға да жо­ба ба­ғыт­­тары бойынша қажетті меди­ци­налық көмек беру нормалары қа­рас­тырылған. Ақтөбе облыстық ден­сау­лық сақтау басқармасының бас маманы Қайрат Райжанов азаматтардың арасында қабылдауға тегін дәрі-дәрмек алу мәселесі бо­йынша келетіндер көп екенін айтып берді. Денсаулық сақ­шылары мұндай жандарға мүм­кіндігіне қарай көмек көрсетіп жүр. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан онкология, қант диабеті, туберкулез және жүрек-қан тамырлары ауруына дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Ме­ди­цина қызметкерлері осы дерекпен тұр­ғындарды хабардар етуде.

Жоба шеңберінде ашық есік күн­дері кезінде тұрғындардың медици­на орталықтарына келіп, тиісті тегін тексеруден өткізілуі де оның мәсе­лесін биіктете түседі. Азаматтар үшін арнайы ұйымдастырылған се­ми­нарлар кезінде екпеден бас тарт­паудың пайдасы мен қажеттілігі, жасөспірім қыздар арасында ерте жүк­тілікті болдырмау әрі оның алдын алу, қан айналымы жүйесі ауруларынан сақтандыру секілді тақырыптар қозғалуы да қол­­дауға әбден лайықты.

Алдағы жылы еліміздің денсау­лық сақтау саласына міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесі енгізілмек. Жобада қаралған бағыттардың бі­ріне сәйкес тұрғындарға осы өз­герістер жөнінде толыққанды деректер мен мәліметтер берілуі де оның мазмұнын толықтыра тү­суде. Мұндай әңгімелер бүгінгі бір­ыңғай жинақтаушы зейнетақы қо­ры төңірегінде де айтылуда. Бү­гінгі күні тұрғындардың басым бө­лігінің өздерін толғандырған мә­се­лелер бо­йынша мемлекеттік органдарға баруына жағдайлары бола бермейді. Солай болған күннің өзінде олардың бәрін бір мезгілде қабылдау мүмкіндігі тағы да жоқ екені белгілі.

Бұл ретте «Халық қауіпсіздігін қам­тамасыз ету» жобасы шеңбе­рінд­егі қабылдаулар осы ол­қы­лықтың ор­нын толықтыра түс­кен­дей әсер қал­дырады. Сонымен бірге оларға электронды қызмет түр­лері де қоса көрсетілуде. Бұл – электронды-цифр­лы қолтаңбаны қалай қолдану және телеграмм бот арқылы қызмет­тер­дің қалай алу керек­тігін халыққа ұғын­дыру де­ген сөз. Мә­селен, бүгінгі күні элек­тронды қыз­­меттің 30 түрін бір­неше минутта алуға болады екен. Аталған жобаның басты мақ­сат­тарының бірі, сөз басында ай­тылғандай, өңір тұрғындары арасында діни сауаттылық деңгейін көтеру болып отыр. Ол үшін Ақтөбе қаласы мен облыстың ірі және шағын елді ме­кендерінде әртүрлі ұжымдық кәсіпорындар мен оқу орындарында теолог мамандардың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру көзделген.

«Дәстүрлі дін дегеніміз не? Оның әртүрлі деструктивтік ді­ни ағым­дардан өзгешелігі мен айыр­ма­­шы­лығы қандай? Бұл сауалдарға қа­тыс­ты ақпараттық топ мүшелері ха­­­­лыққа айқын жауаптар қайтарып жүр. Бұл ретте дәстүрлі емес ді­ни экс­тремизм бағытына бой ұру­шылар мем­лекеттік саясатқа кө­леңке түсіріп, кей жағдайларда конс­титуциялық заң­дылықтарды бұ­зуға әрекет жасауға ұм­­тылатынын ұмыт­пағанымыз жөн. Сондықтан мұн­дай теріс ағымдардың жетегінде жүрген жастармен жеке әңгімелесіп, оларды дәстүрлі Ханафи мәзхабына тарту жұмыстарын жүргізіп келеміз», дейді облыстағы «Аңсар» ақ­парат­тық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин.

Оның айтқанына қосарымыз, атал­ған орталық «Халық қауіп­­сіз­дігін қамтамасыз ету» жобасы басталған кез­ден бері облыстық дін істері бас­қар­масымен бірлесе отырып мың­даған адамды қамтыған сан алуан кездесу өткізуге мұрындық бола біл­­гені. Олардың жамағат арасын­да жүргізілген лекциялары мен се­ми­нарлары өз алдына бір төбе. Осы орайда мешіт қыз­меткерлеріне бір­неше дүркін әдіс­темелік көмектер көр­сетілген.

Бір сөзбен айтқанда, облыс хал­қының қолдауына ие болған аталған жобаға сәйкес өткізілген сан алуан іс-шаралардың аясы өте кең, саны мей­лінше жоғары. Әлбетте басты мақсат сандық көрсеткіштерге емес, бірінші кезекте биік сапалық дең­гейге қол жеткізу екені мәлім. Бұл ретте жобаның басы-қасында жүр­гендер сан мен сапаның бірлігіне және өзара үйлесіміне қол жеткізе алғаны үлкен мерей. Жүректен шық­паса жү­­рекке жетпейді дегендей, ең бастысы, елімізде ешқандай бала­масы жоқ ауқымды жоба бойынша атқарылған іс-шаралардың оң нә­тижесі жылдан- жылға көбейіп келеді. Соның басты бір көрінісі бү­гінгі таңда облыста діни ах­­уал мен дін тұту еркіндігінің тұрақты си­патқа ие бола бастағаны деуге болады.

Тұтастай алғанда, «Халық қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету» жобасына сәйкес биылғы жылы халықтың әл-ауқаты мен табысын көтеруге ба­са көңіл бөлінгені атап айтуға тұ­рар­лық іс. Сонымен бірге өзекті әрі кө­кейкесті әлеуметтік-тұрмыстық проб­лемаларды реттеу жөнінде кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүр­гізілгені де жобаның мәні мен маз­мұнын тереңдете түседі.

 

АҚТӨБЕ