Сұхбат • 10 Қыркүйек, 2016
Өнер мамандарын даярлауға өзгеше көзқарас керек
Түлектерінің жетістіктері мен ұстаздарының мәртебесі салтанатын асырып тұратын Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына жаңа ректор тағайындалғанына да биыл екінші жылға аяқ басты. Кез келген мекемеде жаңа басшының тағайындалуымен дәстүрлер жалғасын тауып, заман талабына сай жағымды өзгерістер байқалып жатады.