10 Қыркүйек, 2016

Македонияның толымды тартуы

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kr-ulttyk-akademiya­lyk-kitapkhanaЕлордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Македония бұрышы ашылды. Бұл ресми шара Македонияның еліміздегі мәдени күндері аясында өтті. Кітап сөресіне әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған 135 томдық көркем әдебиет пен зерттеу еңбектері қойыл­ды. Македония Респуб­ли­ка­сының астанасы – Скопьедегі Әулие Климент Охридский атындағы университет кітап­ханасының тартуы екі ел арасындағы мәдени қа­рым-қатынасты арттыруға бағытталып отыр. Ресми шараға Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева, Македония Рес­­­публикасының Қазақ­стандағы Төтенше және өкі­летті елшісі Илия Псал­тиров, Маке­дония Рес­публикасы Сырт­қы іс­­тер министрлігінің Еуро­па­лық емес мемлекеттер департаментінің директоры Ненад Колев мырза қатысты. Айта кетейік, мәде­ни күндер аясында Македо­ния­ның «Синтезис» этнотобы еліміздің екі ірі қала­сында концерт қойды. Ал­дымен 3 қыркүйек күні Ал­маты қаласында Жам­был атындағы Қазақ мем­лекеттік филармониясында Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен көпшілік назарына Македонияның ұлттық өнері ұсынылса, «Синтезис» тобының Мем­лекеттік академиялық сим­фониялық оркестрімен бір­лескен екінші концерті 6 қыркүйек күні Қазақ ұлттық өнер академиясында ұйымдастырылды. «Синтезис» этно-тобы 1995 жылы македон ұлттық фольклорын сақтау және наси­хаттау мақсатында құ­­рылған. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде әлем­нің түкпір-түкпірін аралап, 700 концерт берген. Атап айт­қанда, Венгрия, Словения, Австрия, Италия, Германия, Грекия, Сербия, Португалия, Испания, Бель­гия, Польша, Франция, Швеция, АҚШ, Жапония, Австралия секілді елдер тұрғындарының ерекше ілти­патына бөленген. Алты CD альбомы мен Македония филармониясының оркес­трімен бірігіп өткізген кон­цертінің DVD нұсқасы жа­рық көрген. «Егемен-ақпарат»