Төтенше жағдай • Бүгін, 17:55

Қарқаралыны шарпыған өрт 21 мың гектарға тарады

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өрті 21 мың гектарды шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарқаралыны шарпыған өрт 21 мың гектарға тарады

Фото: ашық дереккөз

Облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, Қарқаралыдағы өртті сөндіру үшін Астана қаласынан, Павлодар және Абай облыстарынан өрт сөндірушілер жіберілген.

«Жергілікті өрт сөндірушілерге 236 адам көмек қолын созды. Өртті ауыздықтауға 42 техника, 2 ұшақ жұмылдырылды», деп толықтырды ТЖД өкілдері.