Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020
Облыстың алты ауданында үй құстарының жаппай қырылуы тіркеліп отыр. Соның ішінде Жарқайың ауданында лабораториялық зерттеулер нәтижесінде қанаттылардың қырылуы құс тұмауына байланысты екені анықталып отыр.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020
Өткен ғасырда алманың «жеті атасы» өсірілген таулы өңірдің дәмі тіл үйірер апортынан дәм татқан аға буын әлі күнге тамсана айтып отырады. Бағбандардың айтуына қарағанда, апортыңыз теңіз деңгейінен 900 метр биікте жақсы өседі. Бұл талапқа Алматы қаласы мен Түлкібас ауданының таулы өңірі ғана жауап бере алады екен. Иә, Түлкібас алмасымен де аты шыққан өңір. Ауданның орналасу аймағы да ерекше. Таулы аймақтың ауа райы қоңыр салқын, алма бау, жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы.
Экономика • 23 Қыркүйек, 2020
Шығыстың астығы шетелге экспортталады
Жаз жаңбырсыз өтті. Кейбір жерлерде шабындықтың оты көтеріліп үлгермей қурап кеткенін көрдік. Шөп сұйық. Бірақ жұрт әйтеуір қырнап-тырнап амалын тапты. Ал егістік алқаптарына құрғақшылық айтарлықтай әсерін тигізе қойған жоқ сияқты. Есесіне күзгі жауын жиын-терінді тежеуі мүмкін.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020
Электрқармақ – балықты барады жалмап
Көз алдыңызға мына суретті елестетіңізші. Түн. Көл жағасы. Күні бойғы тіршілік бір сәтке тыным тауып, айналаны мүлгіген тыныштық басқан. Анда-санда көл бетінде ойнаған балықтардың шолпылы ғана естіледі. Осы кезде айдынды қайықпен кезген әлдекімдер көрінді. Көп ұзамай сәл діріл қаққан су бетіне ондаған өлі балық шыға келді. Судағы тіршілік атаулыны жалмап, табиғат қорғаушыларының тынышын алып жүрген электроқармақ дегеніңіз осы пәлекет.
Тарих • 23 Қыркүйек, 2020
Алтын Орда тарихының беймәлім беттері
Кіріспе Үш ғасырға жуық Еуразия құрлығының басым бөлігінде өмір сүріп, сол аумақтағы көптеген халықтардың тарихы мен мәдениетінде, олардың мемлекеттілігі тарихында терең із қалдырған Алтын Орда империясының тарихы күні бүгінге дейін зерттеуші мамандардың назарын өзіне аударуда. Ал соңғы жылдары Алтын Орданың құрылуының 750 жылдық датасына орай оған деген терең қызығушылықтар зерттеуші мамандармен қатар, қалың көпшілік тарапынан да байқалып отыр.