Технология • 16 Қыркүйек, 2019
Суперкомпьютер ұсыну жөніндегі құжатқа қол қойылды
Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескені белгілі. Жоғары деңгейдегі екіжақты кездесу аясында маңызды мемлекетаралық құжаттарға, оның ішінде Қазақстан тарапына суперкомпьютерді ұсыну жобасы бойынша ынтымақтастық туралы ҚР мен ҚХР Үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылған. Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 16 Қыркүйек, 2019
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде көне қобыз сақтаулы
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде ең көне аспап – Жарас бақсының қобызы сақтаулы. Музей деректеріне сүйенетін болсақ, XVΙ ғасырда жасалған Жарас бақсының қобызын Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Қаратау» совхозына қарасты Қарой бөлімшесінің тұрғыны Құлтасов Бижан 1983 жылы музей қорына тапсырды.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2019
Мейрамбек Айнағұлов пен Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына жолдама түсті деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлем • 16 Қыркүйек, 2019
Бағдад Әміреев: Өзбекстан Түркі кеңесінің толыққанды мүшесі болды
Өзбекстан Республикасының Түркі кеңесіне мүшелігі туралы Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев мәлімдеме жасады.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019
Елордада көмір сатып алу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданады
15 қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы азаматтардың жекелеген санатына қатты отын сатып алу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданады. Төлем мөлшері 16 АЕК немесе 40 400 теңгені құрайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.