Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019

Елордада көмір сатып алу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы азаматтардың жекелеген санатына қатты отын сатып алу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданады. Төлем мөлшері 16 АЕК немесе 40 400 теңгені құрайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елордада көмір сатып алу үшін көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылданады

Қатты отын сатып алу үшін бөлінетін әлеуметтік көмек зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы аналар мен пешпен жылытатын жер үйлерде тұратын отбасыларға беріледі.

Бұл көпбалалы отбасылар сол үйдің иесі (жалдаушы) немесе үй иесі отбасының мүшесі болуы керек әрі отбасы мүшелерінің атында өз үйі, төрт күнкөріс минимынан жоғары табысы болмауы тиіс.

2019 жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін созылатын  жылыту маусымына 16 АЕК  көлемінде төлем төленеді. Биыл бұл сома 40 400 теңгеге тең. Аталмыш көмекті алуға құқығы бар бірнеше адам бір үйде тұрған жағдайда, өтемақы олардың біреуіне ғана төленеді.

Жылыту маусымы кезінде мемлекеттен бұл көмекті алу үшін өтініш беруші Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтінішімен бірге бірқатар құжаттарды тіркеуі керек.

Құжаттар тізімімен елорда әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады.