Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
Президент биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты қадау-қадау проблемаларды ашып айтып, түйткілді мәселелерді шешуді нақты тапсырды. Солардың қатарында балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық спортты дамытуға баса мән беру керектігін де айтты.
Саясат • 18 Қыркүйек, 2024
Дамудың жаңа кезеңіне арналған кездесу
«Қазақстан – Германия» бизнес форумы шеңберінде екі тараптың Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары және ұлттық компаниялар мен ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Германия» дөңгелек үстелі өтті. Оған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин модераторлық етті.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024
Халық штабы Ұлытау жұртшылығы ортасында
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабы аймақтарда тұрғындармен кездесулер өткізіп жатыр. Кеше штаб мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен жүздесіп, атом электр стансасын салу мәселесін талқылады.
Өндіріс • 18 Қыркүйек, 2024
Ел экономикасы шатқаяқтап тұрған сонау 1998 жылы ағайынды Хилажевтер іргесін қалаған «Glasman» компаниясы осы күні отандық жеңіл өнеркәсіптің көшін бастап тұр. Сырттан ағылған сапасыз киімдерге тосқауыл қойып, бәсекелестікте бәсі артқан компания алғашқы жылдары-ақ ерлерге арналған классикалық костюм тігудің шебері атанған.
Банк • 18 Қыркүйек, 2024
Банк секторын реттейтін заң жобасы
Келер жылы қаржы секторында банк туралы жаңа заң қабылданады. Мемлекеттен де көмек алып, өздері де тұтынушылық несиенің жемісін көріп, байыған қаржы институттарына бір «серпіліс» қажет-ақ. Оны Мемлекет басшысы да дәл аңғарғандай. Биылғы Жолдауында банктер туралы жаңа заң қажет екенін айтты. Президент сөзінше, аталған құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту мәселесі шешімін табуы керек.