Пікір • Бүгін, 08:53

Ұлт саулығын нығайту маңызды

38 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты қадау-қадау проблемаларды ашып айтып, түйткілді мәселелерді шешуді нақты тапсырды. Солардың қатарында балалар мен жасөспірімдер, бұқаралық спортты дамытуға баса мән беру керектігін де айтты.

Ұлт саулығын нығайту маңызды

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

«Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорт­тың маңызы айрықша. Жа­қында мен Олимпиадаға қа­тысу­шылармен кездестім, спорт­тағы нақты міндеттер мен ба­сымдықтарға тоқталдым. Шын мә­нінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін беруі тиіс. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын», деген Мемлекет басшысы жаңа заң жобасын қайта пысықтап, әлі де ширата түсу қажеттігін жүктеді.

Бұқаралық спортты дамыту – елдің саулығын нығайту. Әрине олимпиадалық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөліп, қаржыны қазымырланбай құйып, чемпион­дарды даярлау мемлекеттің мәртебесі үшін керек. Бұған жету жолында балалар мен жас­өспі­рім­дер спортының қазіргі ахуалы қандай, бізде ізбасарлар даяр­лау ісі қаншалықты қарқын алып келеді? Осыған жете мән берген жөн.

Сайлаушылармен кездесуде, ел аралау кезінде спорт мек­тептеріне де арнайы соғып, тыныс-тіршілігімен танысамыз. Жақында Алматы қаласындағы «Шаңырақ» Олимпиада резерві­­нің республикалық ма­ман­дандырылған мектеп-интернат-колледжінде бапкерлермен, спортшылармен жүздесіп, жай-күйімен таныстым. Олимпиада резервін дайындайтын білім ордасында еліміздің болашақ спорт жұлдыздары өсіп келе­ді. Бап­кер­лермен тілдесіп, қазіргі спорт саласының жай-күйін таразыладық. Біздің спортшылардың физикалық дайындығы кемшін соғып тұр. Оны биыл өткен Париж жаз­ғы Олимпия ойындарында бағам­да­дық.

Спортшылардың тез ентігіп қалуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, заманауи дәрумен түрлері жетіспейді. Соның жетіспеушілігінен спорт­шылардың өкпесі қағып, алқы­нып қалады да, ұзақ күре­се алмайды. Екіншіден, қазір­гі оқу-жаттығу тәсілдері әбден ескір­ген. Жаңашылдық, жан­кеш­тілік жоқ. Үшіншіден, спорт­шылардың жарыстарға тыңғы­лық­ты дайындалудың орнына той-томалақтан қолдары босамайды. Осындай жүйелі кем­ші­ліктер кесірінен нәтижеміз төмен болып жатыр. Сондықтан Париждегі қателіктерден сабақ алып, әр спорт түрі бойынша тереңдей талдап, кемшілікті толтыру маңызды.

Мемлекет басшысы бұқара­лық спортты дамытуға да күш салуды міндеттеді. Ендеше, ауылдарға да қалалық өркениет баруы тиіс. Халық тығыз орна­лас­қан ауылдарда спорттық сауық­тыру кешендері бой көте­ріп, шағын елді мекендерде де спорттық алаңдар салынса құба-құп. Спорттық залдар жетіспейтін ауылдар да бар. Балалар спортын дамыту арқылы біз ұлт саулығын арттырамыз. Түрлі жобалар, арнайы бағдарламалар да ашылып жатыр. Соның игілігін халық көруі тиіс.

 

Данияр ҚАСҚАРАУОВ,

Мәжіліс депутаты

Соңғы жаңалықтар

Уәдеде тұрған Үкімет

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Тарих және шындық

Пікір • Бүгін, 09:17

ОРК дайындықты пысықтады

Референдум • Бүгін, 09:05

Жеңілдіктен қағылады

Пікір • Бүгін, 09:02

Классикалық киім шебері

Өндіріс • Бүгін, 08:45

Жер конкурсы онлайн жүреді

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Бірыңғай QR-код төлем жүйесі

Қоғам • Бүгін, 08:33

Шабындыққа шалғы түсті

Аймақтар • Бүгін, 08:28

Ғылыми әлеуетті арттыру қадамы

Университет • Бүгін, 08:22

Көкпар – рух көрінісі

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Студенттер үйінің қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 08:18

Заманауи спорт алаңы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Шын мықтыны шыңдайтын шаһар

Шымкент • Бүгін, 08:07

Құрметке лайық азамат

Тұлға • Бүгін, 08:02