Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2024

Халық штабы Ұлытау жұртшылығы ортасында

81 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабы аймақтарда тұрғындармен кездесулер өткізіп жатыр. Кеше штаб мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен жүздесіп, атом электр стансасын салу мәселесін талқылады.

Халық штабы Ұлытау жұртшылығы ортасында

Сурет: adyrna.kz

Жезқазған қаласында өткен кездесуге 300-ге жуық адам қатысты. Онда өңір экономикасының даму мүмкіндіктері талқыланды. Дамыған өнеркәсібімен танымал Ұлытау облысы көптеген экологиялық мәселелерге тап болып отыр. «Amanat» партиясы­ның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, биыл 6 қазанда отандастарымыз ел­дің болашағын айқындайтын таңдау жасайды.

«Атом стансасын салу туралы соңғы шешімді халық қабылдайды. Дәл осы мақсатта референдум өткізіледі. Ұлытау – бұл тек ұлттың рухани тірегі ғана емес, сонымен қатар ежелгі металлургия және тау-кен өнеркәсібі­нің ошағы. Бұл өңірдің халқы мырыш құйып, құрыш балқыту­дың, сондай-ақ шахталар­дағы еңбектің мәнін жақсы біледі. Егер Президент айтқандай, Әділетті Қазақстанды құрғымыз келсе, онда өз таңдауымызды жасауымыз керек. 6 қазанда өтетін референдум – осындай тарихи қадамдардың бірі», деді Д.Кәрібек.

Халық штабының мүшелері АЭС құрылысы мәселесін жалпы­ұлттық референдумға шы­ғару елдегі демократиялық инс­ти­туттардың нығаюының маңызды көрсеткіші, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасын жүзеге асырудың дәлелі екенін атап өтті.

Сондай-ақ осы күні штаб мүшелері Сәтбаев қаласына барып, Г.Омаров атындағы шахта қазу тресінің шахтерлері­мен кездесті. Талқылауға 100-ден аса шахтер қатысты, онда болашақ энергетика және еңбек нарығының негізгі мәселелері қозғалды. Қатысушылар Әділетті Қазақстан құру шахтерлердің белсенді қатысуынсыз мүмкін емес екенін атап өтті.

Содан кейін штаб мүшелері Жезқазған мыс қорыту зауыты­ның металлургтерімен кездесті. Ең­бек ұжымы алдағы референдумға белсенді қатысатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00