Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019
Ақтауда Каспий маңы мемлекеттерінің 1-ші пәнаралық эндохирургиялық Конгресі басталды
Конгресс жұмысына Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Франция, Италия, Украина, Грузия, Оңтүстік Кореяның жетекші хирургтері қатысуда. Шара 4 күнге жалғасады. Конгресс бағдарламасы кеңейтілген, басқосуда халықаралық сарапшылар сөз сөйлейді, дөңгелек үстелдер, баяндамалар және пікірталастар ұйымдастырылады. Конгресс аясында Ресей, Әзірбайжан, Франция және Қазақстанның жетекші эндоскопиялық хирургтердің қатысуымен шебелік-класстар өткізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2019
ӘЧ-2019. Үш боксшы да жеңіске жетті
Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатының жетінші күнінде үш қазақстандық боксшы жарыс жолына шығып, үшеуі де жеңіске жетті.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019
Шамалғандағы апат бойынша арнайы комиссия құрылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысы Шамалған станциясында орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019
Павлодар облысында 444 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды
Павлодар облысында өздерінің нақты табыстарын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмекке заңсыз қол жеткізген 444 отбасына төлемдер тоқтатылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 16 Қыркүйек, 2019
Жекпе-жектен халықаралық турнир аяқталды
Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Кубогы үшін жекпе-жектен халықаралық турнир өз өтті. Байрақты додаға Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елінен келген жекпе-жек сайыс шеберлері, сондай-ақ еліміздің Қарулы Күштері, басқа да күш құрылымдарының 13 командасы бақ сынады. Боз кілемде 140-тан астам жекпе-жек шеберлері тоғыз салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.