Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019

Шамалғандағы апат бойынша арнайы комиссия құрылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысы Шамалған станциясында орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. 

Шамалғандағы апат бойынша арнайы комиссия құрылды

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы облысының Алматы - Отар учаскесінің Ақсеңгір-Шамалған өткелінде 2019 жылғы 15 қыркүйекте 19 сағат 08 минутта болған жол-көлік оқиғасы – күзетілетін өткелде №43 «Алматы – Қостанай» Жолаушылар пойызының «Setra» маркалы №456 «Алматы-Қаскелең» рейстік автобусымен  соқтығысуын тергеу бойынша арнайы комиссия құрды. Комиссия құрамына Көлік комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері кірді», делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, Комиссия мүшелері оқиға орнына шықты.

Осыған дейін Ішкі істер министрлігі оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлаған еді.